Тариф жоспарыңызда берілген топтамаларды: интернет пен минуттарды, Beeline-ға шексіз қоңырау соғу мүмкіндігін,"Көршілер байланыста" акциясымен қоңырау шалу мүмкіндігін және SMS топтамаларды, басқа елге қоңырау соғу топтамаларын, егер олар тарифке кіретін болса, бәрімен бөлісе бастайсыз.
"Өзбекстанға қоңырау шалу" акциясын, видеоға, әл.желі мен месенджерлерге берілетін шексіздікті, сондай-ақ интернет пен минуттардың қосымша топтамаларын бөлісе алмайсыз.
Қызметті қосу тегін. Әр қосылған нөмір үшін + 990 тг тарифіңіздің келесі абоненттік төлеміне қосылады.
Мысалы, Сіз Тариф басшысысыз, Сізде "Жарқын 3990" тарифі және 2 нөмір қосасыз (осы тарифтегі қосуға болатын ең көп нөмір). Ол тегін. Ал қосылған 2 нөмір үшін, келесі абоненттік төлеммен бірге 990 теңгеден ұсталады: 3 990 тг + 990 тг + 990 тг = 5 890 тг. Барлық арифметика осы! :)
Жеке кабинетке немесе "Менің Beeline-ым" қосымшасына кіріп, нөмірге шақыру жіберіңіз. Бөліскен керемет! :) Мұны істеу үшін, тарифіңіздің абоненттік төлемі ұсталған болуы керек.
Жеке кабинетте, "Менің Beeline-ым" қосымшасында немесе SMS арқылы.
Нөмір абоненттік төлемі жоқ арнаулы "Қарапайым" тарифіне көшіріледі. Енді тек Тариф басшысы төлейді. Керемет емес пе :) Бұл орайда, қосылған қатысушыда бұрынғы тариф топтамаларының қолданылмаған қалдығы сақталады. Бірінші кезекте Басшы топтамасының қалдығы, содан кейін Қатысушының топтамасының қалдығы шығындалады. Ал қосымша ақыға қосылған қызметтер өшіріледі.
Барлық шақырылғандар мен тарифіне қосылғандарды Басшы сайттағы Жеке кабинеттен немесе "Менің Beeline-ым" қосымшасынан әрдайым көре алады.
Тарифтің барлық қатысушысы қалдықты сайттағы Жеке кабинетте немесе "Менің Beeline-ым" қосымшасы арқылы тексере алады.
Жеке кабинетте немесе "Менің Beeline-ым" қосымшасы арқылы тексеріңіз
Басшы Қатысушының қоңырауларының есебін, ал Қатысушы Басшының қоңырауларының есебін көре алмайды.
Ол да Жеке кабинетте немесе "Менің Beeline-ым" қосымшасында. Ойланыңыз, шыққаныңыз дұрыс па, содан соң ғана растаңыз: "ОК".
"Жарқын" тарифтерінің шарттары бойынша, абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама қосылады. Күн сайынғы топтаманың ақысы, қосылған сәтінде ұсталады. Күн сайынғы қызметтер көлемі берілгені туралы SMS-хабарлама келеді. Күн сайынғы топтамаларды берудің шарттары туралы толық ақпаратты "Жарқын" тарифтерінің сипаттамасынан көруге болады. Күн сайынғы топтамада берілген барлық қызмет тариф Қатысушыларына бөлінеді.
Басшыға және Қатысушыларға топтамалардың біреуі аз қалғаны туралы хабарлама келеді. Басшы тарифті қайта қоса алады - аб.төлем + әр қосылған нөмірдің құны қайта ұсталады. Сондай-ақ, Басшы мен әрбір Қатысушы тек өзіне қосымша топтама қосып алып, Басшы ортақ тарифтің топтамаларын толтырғанға дейін, соны пайдалана алады. Егер ортақ тарифті қайта қоспаса немесе қосымша топтамаларды қоспаса, Басшының қызметтері "Жарқын" тарифінің шарттарымен, ал Қатысушыларда - "Қарапайым" тарифінің шарттарымен тарифтеледі. Егер тариф жоспарының топтамалары бәріне үнемі жетпейтін болса,үлкенірек тарифке көшуге болады.
Басшыға басқа тариф жоспарына ауыу керек болса, алдымен Жеке кабинетте ағымдағы тарифінен Қатысушыларды шығару керек.
Иә, «Отбасы ортасында» қызметі модем немесе роутерлерге жарай береді. Осы құрылғыларды ортақ тарифке қосуға болады.