Басты бет / odin-na-vseh-glava

Шақыруды қабылдар алдында Қатысушыға арналған Қызметті қолдану шарттары

«Отбасы ортасында» қызметін қолдану шарттары
 
  1. Тарифіне қосылуға мүмкіндік беретін тұлға – Басшы, оны алатын тұлға – Қатысушы, бірге – Топ деп аталады.
  2. Басшының тарифіне қосылу үшін, оның шақыруын «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе beeline.kz сайтындағы Жеке кабинетте, я болмаса SMS арқылы  қабылдау керек. Егер өзіңіздің екінші құрылғыңызды қосып жатсаңыз, шақыруды http://m.home сілтемесі арқылы 4G Wi-Fi модем/роутердің веб-интерфейсінде немесе 0611 нөмірі арқылы қолдау қызметіне қоңырау шалып, қабылдауға болады.
  3. Шақыруды қабылдаған соң, Қатысушының тариф жоспары абоненттік төлемі жоқ «Қарапайым» тарифіне ауысады да, Қатысушы Басшының тарифіндегі интернетке, минуттар мен SMS-ке (егер олар болса) қол жеткізеді. 
  4. Бұрынғы тариф топтамаларының пайдаланылмаған қалдығы сақталады. Бірінші кезекте Басшының топтамасының қалдықтары, содан соң Қатысушының өз топтамасындағы қалдықтар жұмсалады.
  5. Басшы Қатысушының қоңырауларының есебін, ал Қатысушы – Басшының қоңырауларының есебін көре алмайды.
  6. Басшының тарифінің абоненттік төлемі мен «Отбасы ортасында» қызметінің құны тұрақты ұсталса ғана, Қатысушы ортақ топтамаларды пайдалана алады. Басшының тарифіндегі топтамалардың қалдығын «Менің Beeline-ым» қосымшасында, beeline.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе *106# пәрмені арқылы тексеруге болады (4G Wi-Fi модем/роутерлер үшін - http://m.home).
  7. Егер Басшының тарифінің абоненттік төлемі мен «Отбасы ортасында» қызметінің ақысы ұсталмаса, Қатысушы өз теңгеріміндегі қаражатты «Қарапайым» тарифінің шарттарымен жұмсайды.
  8. Қызметтің шарттары бойынша Басшы Қатысушыны кез келген уақытта өз тарифінен шығара алады.
  9. Қатысушы да кез келген уақытта сайттағы Жеке кабинет немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы Басшының тарифінен шыға алады.
  10. Егер Қатысушыға басқа тариф жоспарға ауысу керек болса, алдымен «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе Жеке кабинетте Басшының тарифінен шығу керек.
  11. Басшының тарифінен ажыраған соң, Қатысушы абоненттік төлемі жоқ «Қарапайым» тарифінде қалады. Қолайлы тарифті сілтеме арқылы оп-оңай таңдап алуға болады: https://tarif.beeline.kz/ Сондай-ақ егер қосылу мүмкіндігі болса, үйренген тариф жоспарына қайта қосыла алады.