Ваш Браузер устарел или не поддерживается нашим сайтом, пожалуйста
установите обновленный Internet Explorer или скачайте Google Chrome,
FireFox что бы продолжить
просмотр сайта.
✕
Барлығын дерлік «Менің Beeline» қосымшасында шешуге болады
Шақыру жібермес бұрын Басшыға арналған Қызметті қолдану шарттары
«Отбасы ортасында» қызметін қолдану шарттары
Тарифіне қосылуға мүмкіндік беретін тұлға – Басшы, оны алатын тұлға – Қатысушы, бірге – Топ деп аталады.
Қатысушыны өз тарифіне қосу үшін, Басшы «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе beeline.kz сайтындағы Жеке кабинетте шақыру жіберуі керек.
Шақыруды қабылдаған соң, Қатысушы Басшының тарифіндегі интернетке, минуттар мен SMS-ке (егер олар тарифте болса) қол жеткізеді, сондай-ақ Қатысушының тарифі абоненттік төлемі жоқ арнаулы «Қарапайым» тарифіне ауысады.
Басшы Қатысушының қоңырауларының есебін, ал Қатысушы – Басшының қоңырауларының есебін көре алмайды.
Басшының тарифінің абоненттік төлемі мен «Отбасы ортасында» қызметінің құны тұрақты ұсталса ғана, Қатысушы ортақ топтамаларға қол жеткізе алады.
Егер Басшының тарифінің абоненттік төлемі мен «Отбасы ортасында» қызметінің ақысы ұсталмаса, Қатысушының ортақ тарифке қосылу мүмкіндігі шектеледі. Қатысушы өз теңгеріміндегі қаражатты «Қарапайым» тарифінің шарттарымен жұмсайды.
Басшы «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе Жеке кабинет арқылы Қатысушыны кез келген уақытта өз тарифінен шығаруға құқылы.
Қатысушы да «Менің Beeline-ым» қосымшасы немесе Жеке кабинет арқылы кез келген уақытта Басшының тарифінен шыға алады.
Шақыру жібере отырып, Басшы тариф топтамаларын Тариф қатысушыларымен бірге пайдалануға, сондай-ақ Қатысушылардың Басшының тарифінің қалдығын тексеруіне мүмкіндік беретініне келіседі. Қатысушы Басшының теңгеріміндегі ақшаны пайдалана алмайды.
Егер Басшыға басқа тарифке ауысу қажет болса, алдымен «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе Жеке кабинетте Қатысушыларды өз тарифінен шығаруы керек: https://bee.gg/seb/list