Тарифтік жоспардың шарттары

1. Үйдегі сымсыз интернет қызметі (бұдан әрі - Қызмет) 2.3 және 2.6 ГГц жиіліктерін пайдалану туралы берілген рұқсаттарға сәйкес тіркелген LTE-ге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

2. 1-тармаққа сәйкес, қызмет келесі елді мекендерде қосылуға қолжетімді. Сапалы қызмет көрсетуді ұсыну мақсатында қызмет сенімді LTE-қамту аймағында ғана қолжетімді.

3. Қызмет тіркелген, сондықтан қосылу туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша ғана ұсынылады. Көрсетілген мекенжайдан қызметтер мен жабдықтарды өз бетінше тасымалдауға тыйым салынады.

4. Қызметті қосуға өтініште көрсетілген жабдықпен (роутермен) және жиынтықта берілген негізгі SIM-картамен ғана ұсынылады. Сонымен қатар, негізгі SIM-карта бойынша шығыс және кіріс қоңырауларын шалу және SMS жіберу/алу мүмкіндігінсіз тек интернетке белгіленген қолжетімділік беріледі.

5. Роутерде берілген негізгі SIM-картасы кез келген басқа құрылғыда (смартфон, планшет және т.б.) пайдалануға арналмаған.

6. Шығыс/кіріс қоңырауларға және SMS-ке қолжетімділік, сондай-ақ тариф шеңберінде интернетке қосылу мүмкіндігі «Erkin» тарифі шеңберінде «Отбасы ортасында» қызметі қосылған қосымша SIM-карта арқылы ұсынылады.

7. «Отбасы ортасында» қызметін қосу үшін Beeline-ның қосымша SIM-картасын бөлек сатып алуға, бар SIM-картаны пайдалануға немесе нөмірді ҚР басқа ұялы операторының желісінен ауыстыруға болады.

8. Қызмет туралы ақпарат қызметті қосуға берілген өтініште көрсетілген байланыс нөмірі бойынша беріледі.

9. Тарифтік жоспарды қосу және көрсетілетін қызметке қол жеткізуді ұсыну қызметтер көрсетуге арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылады.

10. Тарифтік жоспардың шарттары Қазақстан Республикасының аумағында ғана толық көлемде қолданылады. Қазақстаннан тыс жерлерде тарифтеу роумингтегі қызметтер үшін белгіленген тарифтер бойынша жүзеге асырылады.

Роутерді пайдалану шарттары

1. Сапалы қызметті қамтамасыз ету үшін Оператор роутерді ұсынады. Негізгі SIM-картасы бар Роутер арнайы бағамен 10 тг беріледі және «Erkin» тарифі айына 6990 теңгеге 12 ай төленгеннен кейін толығымен абоненттің жеке пайдалануына өтеді.

2. 12 абоненттік төлем төленгенге дейін қызметті пайдаланудан бас тартқан жағдайда, қызмет көрсету келісімшартына және тарифтік жоспар талаптарына сәйкес роутерді барлық жинақтауыштарымен жарамды күйде қайтару немесе 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы тұрақсыздық айыбын төлеу қажет. Қызметке қолжетімділік тұрақсыздық айыбын төлегенге дейін бұғатталады, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлегеннен және абоненттік төлем сомасына теңгерім толтырылғаннан кейін ғана жаңартылуы мүмкін.

3. 12 абоненттік төлем төленгенге дейін абоненттің кінәсінен роутер мен жинақтауыштар сынған және ауыстырылған жағдайда, абонент жабдықтың ақау актісін ресімдеу кезінде белгіленген зақымдалған жабдықтың құнын өтеуге міндеттенеді. Қызметті пайдалану кезеңі жабдықтың жаңа жиынтығы берілген күннен бастап жаңартылады.

Бұл қанша тұрады?

Абоненттік төлем

айына 6990 тг

Бір қосымша қосу «Отбасы ортасында» қызметі бойынша нөмірлер

0 тг *

 

* Тарифті басқа құрылғымен (смартфон/планшет) жұпта пайдалану міндетті емес. Тек роутерді қосуға болады, алайда абоненттік төлем өзгермейді. Егер тариф екі құрылғыда қосылған болса, қызметті қосу үшін қосымша Beeline SIM-картасын сатып алу немесе бар құрылғыны қосуға рұқсат беру қажет.

1. Тарифтік жоспарды және тұрақсыздық айыбын төлеу роутерге қосылу үшін пайдаланылатын негізгі SIM-картаның нөмірі бойынша жүзеге асырылады. Негізгі SIM-картаның нөмірі роутер қорабында көрсетілген.

2. Ай сайын әр бірінші күні сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін абоненттік төлем алынады. Біз қызметке қосылу үшін қосымша ақша алмаймыз. Таңдалған тариф бойынша абоненттік төлем сомасына теңгерімді толтырып пайдаланыңыз.

3. Абоненттік төлем қосылған айда осы айдың соңына дейін қалған күндер санына пропорционалды түрде алынады.

4. Егер негізгі абоненттік төлем алынбаса, онда тарифтік жоспар қызметтеріне қолжетімділік бұғатталады. Жеткілікті сомаға толтырылғаннан кейін қызметке қолжетімділік айдың соңына дейін қалпына келтіріледі.

BeeTV-де BeeTV Free-ді қалай пайдалануға болады?

«Erkin» тарифімен қазақ және орыс тілдерінде ТОП-арналарды, киноларды, сериалдарды, мультиктерді, бағдарламаларды, драмаларды, анимелерді көруге болады, және осының барлығы қосымша ақысыз! BeeTV мобильді теледидары смартфонда, планшетте, компьютерде және тіпті Smart TV-де қолжетімді.

Қалай қосуға болады:

1. Смартфон/планшетті роутерге WI-FI арқылы қосыңыз.

2. BeeTV қосымшасын смартфонға / планшетке жүктеп алыңыз. Бір уақытта 5 құрылғыдан пайдалануға болады!

3. Негізгі SIM-картаның мобильді нөмірінен кіріңіз (роутерде). Android платформасында «Өз нөміріңізбен кіру», iOS-та «Телефон нөміріңізбен кіру» таңдаңыз. SMS растау қажет емес.

4. Сіз BeeTV қолданып жүрсіз бе? Онда сіз бұрынғы аккаунтыңыздан шығып, «Erkin» тарифі қосылған негізгі SIM-картаның нөмірімен (роутердегі) қайта тіркелуіңіз керек.

Айтпақшы, BeeTV-де көптеген қызықты жазылымдар бар. Олар туралы толығырақ біліп, тегін байқап көріңіз.

5. Жазылым «Erkin» тарифі бойынша абоненттік төлем алынған кезде ғана қолжетімді.

BeeTV ұялы қосымшасын пайдаланғанда интернет-трафик шығындалмайды.

Егер интернет жылдамдығы 1.5 Мбит/с дейін төмендесе

300 ГБ трафик шегіне жеткенде, негізгі нөмірдегі интернет жылдамдығы (роутерде) 1.5 Мбит/с дейін төмендейді.

Қосымша нөмірден қоңыраулар, хабарламалар және интернет

Абоненттік төлем алынбаған немесе топтама аяқталған жағдайда:
Beeline нөмірлеріне қоңырау шалу
18 тг/мин
ҚР басқа ұялы нөмірлеріне қоңырау шалу
18 тг/мин
Абоненттік төлем алынбаған кезде интернетке қолжетімділік бұғатталады
Beeline нөмірлеріне SMS
18 тг/SMS
ҚР басқа ұялы нөмірлеріне қоңырау шалу
18 тг/SMS
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:
Қалалық нөмірлерге қоңырау шалу
18 тг/мин
 

 

Тариф қатысушысы (нөмірі роутерде емес) жеке пайдалану үшін қосымша бір реттік топтамаларды сатып ала алады:

- Интернет

- Минуттар мен SMS

Қосылу мүмкіндігі бар елді мекендер

Ақмола

Ақкөл қ.

Макинск қ.

Ақтөбе

Шалқар қ.

Қандыағаш қ.

Алматы

Қарабұлақ к.

Сарыөзек к.

Атырау

Сағыз а.

Шығыс-Қазақстан

Қалбатау а.

Жамбыл

Құлан а.

Батыс Қазақстан

Чапаев а.

Қарағанды

Осакаровка к.

Қостанай

Сарыкөл а.

Қызылорда

Арал қ.

Әйтеке би к.

Солтүстік Қазақстан

Новоишим а.

Түркістан

Арыс қ.