Басты бет / Құрылғыны қалай верификациялауға болады

Құрылғыны қалай верификациялауға болады?

2025 жылғы 25 наурызда Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу ережелері өзгерді.

Енді құрылғыны Мемлекеттік Cәйкестендіру кодтарының дерекқорында тіркеу кезінде қосымша тексеру жүргізіледі.

Image 1 Image 1

Қосымша тексеріс тармақтар бойынша:

number_1 number_1

IMEI түпнұсқалығы

Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын дұрыстығына мен заңсыз өзгерістердің болмауына тексеру. Құрылғының жай-күйін тек мемлекеттік ресурстан тексеріңіз: https://imei.rfs.gov.kz/

number_1 number_1

GSMA халықаралық базасының «қара» тізімінде болмауы

Құрылғының ұрланғаны, жоғалғаны немесе құқық қорғау органдары тарапынан бұғатталғаны жөнінде тексеру.

number_1 number_1

Құрылғыны ҚР ұялы байланыс желілерінде пайдалану заңдылығы

ҚР аумағында құрылғыларды өндірушілер, ҚР аумағына құрылғыларды әкелетін импорттаушылар немесе авторизациядан өткен сервис орталықтары берген деректер негізінде тексеру.

Тексеріс нәтижелері бойынша әрбір құрылғы келесі тізімдердің біріне кіреді:

✅ Ақ тізім

Барлық мемлекеттік тексерістерден сәтті өткен верификацияланған құрылғылар. Бұл тізімдегі құрылғылар байланыс қызметтерінде шектелмейді.

️⚠️ Сұр тізім

ҚР аумағындағы құрылғыларды өндірушілер, импорттаушылар немесе авторизациядан өткен сервис орталықтары берген деректерде IMEI болмауына байланысты верификациядан өтпеген құрылғылар. Мұндай құрылғыларға байланыс қызметтерін көрсету құрылғыны Мемлекеттік Cәйкестендіру кодтарының дерекқорында алғашқы тіркеу әрекетінен бастап 30 күнге рұқсат етіледі.

Мұндай құрылғылардың иелері http://kz-imei.kz/ мемлекеттік порталында 30 күн ішінде әкелудің заңдылығын өз бетінше растауы керек.

❌ Қара тізім

Келесі себептердің біріне байланысты тексерістен өтпеген құрылғылар: қате IMEI, GSMA «қара» тізімі немесе ҚР аумағына әкелудің заңдылығын растау үшін берілген 30 күндік мерзімнің өтіп кетуі.

Мұндай құрылғыларға байланыс қызметтерін көрсету ұялы байланыс операторы тарапынан тоқтатылады.

Құрылғыны верификациядан қалай өтуге болады?

Біз бұл нұсқаулықтарды сіздің қолайлығыңыз үшін дайындадық. Верификация рәсімі мемлекеттік органдармен реттеледі және өзгеруі мүмкін. Өтінеміз, өзекті қадамдарды ресми сайттан тексеріңіз: https://support.kz-imei.kz.

Сіздің жағдайыңызға сәйкес келетін нұсқаулықты таңдаңыз:

Егер құрылғы Қазақстанда сатып алынған болса:

Егер Сіз смартфонды Қазақстанда сатып алсаңыз, бірақ ол верификациядан өтпеген болса, сатып алған жерге хабарласу керек. Құрылғыны әкелуді растайтын құжаттарсыз өз бетіңізше верификациядан өту мүмкін емес. Сатушы құрылғыны жеткізуші арқылы верификациядан өткізуі немесе қайтаруды ресімдеуі тиіс.

Сатып алмас бұрын құрылғының мәртебесін мемлекеттік сайттан тексеріңіз: https://imei.rfs.gov.kz. Қазақстанда верификациядан өтпеген смартфонды сатып алмаңыз. Заң талаптарына сәйкес, ұялы байланыс операторы мұндай құрылғыны желіге алғаш қосылғаннан кейін 30 күн ішінде бұғаттауға міндетті.

Егер құрылғыны өзіңіз әкелсеңіз немесе пошта арқылы тапсырыс берсеңіз:

1. https://kz-imei.kz мемлекеттік порталына кіріп, жеке кабинетке кіру үшін ЖСН енгізіңіз.

2. Жеке кабинетте авторизациядан өту үшін:

  • ЭЦҚ — компьютерден кіргенде.
  • eGov Mobile — смартфоннан кіргенде пайдаланыңыз.

3. Өтінімді толтырыңыз:

Өтінім түрі: Жеке тұлғаларға арналған верификация.

Әкелу тәсілі:

  • «Ілесіп жүрген жүк» — егер құрылғыны өзіңіз әкелсеңіз.
  • «Ілесіп жүрмеген жүк» — егер оған тапсырыс берсеңіз (мысалы, AliExpress, Ozon).

Кіргізу күні: құрылғы Қазақстан шекарасынан өткен күн.

Ел: құрылғы әкелінген ел.

Құжат туралы мәлімет:

Ұсынылған құжаттардың бірін таңдаңыз:

  • Жолаушылар кедендік декларациясы — құжат нөмірін XXXXX/XXXXXX/XXXXXXX форматында көрсетіңіз.
  • Шекарадан өткендігі туралы анықтама — электронды көшірмесін тіркеңіз. Бұл анықтаманы ҚР азаматтары визалық-миграциялық порталдан ала алады: https://vmp.gov.kz
  • Сәлемдеме нөмірі — трек-нөмірді LM123456789CN форматында енгізіңіз.

4. Құрылғы туралы деректерді толтырыңыз:

  • Бренд: өндірушінің атауының алғашқы әріптерін енгізіңіз, жүйе тізімнен нұсқаларды ұсынады (SAM — Samsung, XIA — Xiaomi және т.б.). Егер Сізде iPhone болса — Apple таңдаңыз.
  • Модель: құрылғы моделін ашылмалы тізімнен таңдаңыз.
  • IMEI: IMEI нөмірін *#06# пәрмені арқылы немесе құрылғы қорабынан білуге болады. Егер құрылғыда бірнеше IMEI болса — әрқайсысын «IMEI қосу» батырмасы арқылы енгізіңіз.

5. Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

6. Мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі) өтініміңізді тексереді және оны растайды немесе кері қайтарады.

7. Тексеру нәтижелерін «Менің өтінімдерім» → «Құрылғыларды верификациялау» бөлімінен қарай аласыз:

  • Өңдеуде — өтінім мемлекеттік органда тексерілуде (72 сағат ішінде).
  • Сәтті верификацияланды — құрылғыны ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілді.
  • Қабылданбады — өтінім тексеруден өтпеді. Себебін білу үшін «Өтінімнің егжей-тегжейі» бөліміне кіріп, IMEI жанындағы қызыл белгішеге курсорды апарыңыз — түсіндірме шығады.

Маңызды! Ұялы байланыс операторы тексеру нәтижелері туралы ақпаратқа ие емес. Егер шешіммен келіспесеңіз немесе бас тарту себебін нақтылағыңыз келсе, мемлекеттік порталдың қолдау қызметіне жүгініңіз:

8. Тексеру сәтті өткен жағдайда құрылғыңыз Идентификациялық кодтар деректер базасының «ақ» тізіміне енгізіледі. Сізге құрылғы тіркелгені туралы SMS келеді.

9. Егер өтінім оң шешіммен қаралса, бірақ SMS келмесе, келесі пәрменді теріңіз: *691#.

<
Егер Сіз шетел азаматы болсаңыз:

1. Сізге резидент еместерге арналған ЖСН мен ЭЦҚ алу қажет. Мұны кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) жасауға болады.

2. Одан кейін QazETA мобильді қосымшасындағы «Қызметтер» бөлімінен шекарадан өткені туралы анықтаманы алыңыз.

3. Құжаттарды алғаннан кейін https://kz-imei.kz мемлекеттік порталына кіріп, жеке кабинетке кіру үшін ЖСН енгізіңіз.

4. Жеке кабинетке кіру үшін:

  • ЭЦҚ — компьютер немесе ноутбук арқылы кіргенде.
  • eGov Mobile — смартфон арқылы кіргенде пайдаланыңыз.

5. Өтінімді толтырыңыз:

Өтінім түрі: Жеке тұлғаларға арналған верификация.

Әкелу тәсілі: «Ілесіп келген жүкпен» таңдаңыз.

Әкелу күні: Қазақстанға кірген күніңізді көрсетіңіз.

Ел: Сіз келген елді көрсетіңіз.

Растайтын құжат туралы мәліметтер: «Шекарадан өткендігі туралы анықтама» таңдаңыз. QazETA қосымшасы арқылы алынған құжаттың электрондық көшірмесін тіркеңіз (2-тармақты қараңыз).
Басқа құжаттар (кіру белгісі бар төлқұжаттың суреті, келу туралы хабарлама және т.б.) құрылғыны верификациялау үшін қабылданбайды.

6. Құрылғы туралы деректерді толтырыңыз:

  • Бренд: құрылғы өндірушісінің атауының алғашқы әріптерін енгізе бастаңыз (SAM — Samsung, XIA — Xiaomi және т.б.). Егер iPhone болса — Apple таңдаңыз.
  • Модель: құрылғы моделін ашылмалы тізімнен таңдаңыз.
  • IMEI: IMEI нөмірін *#06# пәрмені арқылы немесе құрылғы қорабынан білуге болады. Егер бірнеше IMEI болса — әрқайсысын «IMEI қосу» батырмасы арқылы енгізіңіз.

7. Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

8. Мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі) өтініміңізді тексереді және оны растайды немесе кері қайтарады.

9. Тексеру нәтижелерін «Менің өтінімдерім» → «Құрылғыларды верификациялау» бөлімінен қарай аласыз:

  • Өңдеуде — өтінім мемлекеттік органда тексерілуде (72 сағат ішінде).
  • Сәтті верификацияланды — құрылғыны ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілді.
  • Қабылданбады — өтінім тексеруден өтпеді. Себебін білу үшін «Өтінімнің егжей-тегжейі» бөлімін ашып, IMEI жанындағы қызыл белгішеге курсорды апарыңыз — түсіндірме шығады.

Маңызды! Ұялы байланыс операторы тексеру нәтижелері туралы ақпаратқа ие емес. Егер шешіммен келіспесеңіз немесе бас тарту себебін нақтылағыңыз келсе, мемлекеттік порталдың қолдау қызметіне жүгініңіз:

10. Тексеру сәтті өткен жағдайда құрылғыңыз туралы деректер Идентификациялық кодтар деректер базасының «ақ» тізіміне енгізіледі. Сізге құрылғы тіркелгені туралы SMS хабарлама келеді.

11. Егер өтінім оң шешіммен қаралса, бірақ SMS келмесе, келесі пәрменді теріңіз: *693#.

Ескерту: Егер Сіз Қазақстанда жүрген кезде құрылғыны маркетплейстен сатып алған болсаңыз, өтінім түрі ретінде «Ілесіп келмеген жүкпен» таңдаңыз (нұсқаулық: «Құрылғыны өзіңіз әкелген немесе сәлемдеме арқылы тапсырыс берген жағдайда»).

Екінші IMEI немесе eSim-ге арналған IMEI-ді верификациядан өткізу:

Егер құрылғының бір слоты немесе eSIM-ге арналған IMEI бұрын пайдаланылмаған, бірақ қазір қажет болса, оны да верификациялау қажет. Мемлекеттік идентификациялық кодтар базасы әрбір IMEI-ді растауды талап етеді, алайда бұл үшін құжаттар қажет емес.

Назар аударыңыз! Екінші IMEI немесе eSIM үшін IMEI верификациясына өтінімді тек eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

1. eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріңіз.

2. Басты беттегі «Танымал қызметтер» бөлімінен «IMEI верификациясына өтінім» қызметін таңдаңыз.

3. Өтінім түрін «2-ші IMEI верификациясы» ретінде таңдап, келесі деректерді толтырыңыз:

  • Бренд: құрылғы өндірушісінің атауының алғашқы әріптерін енгізе бастаңыз (SAM — Samsung, XIA — Xiaomi және т.б.). Егер iPhone болса — Apple таңдаңыз.
  • Модель: құрылғы моделін ашылмалы тізімнен таңдаңыз.
  • IMEI 1: бұрын қолданылған және Сіздің ЖСН-іңізге тіркелген IMEI енгізіңіз.
  • IMEI 2: әлі пайдаланылмаған IMEI-ді енгізіңіз (екінші слот немесе eSIM үшін).
  • IMEI нөмірін *#06# пәрмені арқылы білуге болады.

4. Өтінімді eGov Mobile коды арқылы қол қойыңыз.

5. Мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі) өтінімді тексереді және оны растайды немесе кері қайтарады.

6. Тексеру нәтижелерімен «Менің өтінімдерім» → «Құрылғыларды верификациялау» бөлімінде танысуға болады:

  • Өңдеуде — өтінім мемлекеттік органда тексерілуде (72 сағат ішінде).
  • Сәтті верификацияланды — құрылғыны ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілді.
  • Қабылданбады — өтінім тексеруден өтпеді. Себебін білу үшін «Өтінімнің толық мәліметтері» бөліміне өтіп, IMEI қасындағы қызыл белгішені басып, хабарлама шыққанша ұстап тұрыңыз.

Маңызды! Ұялы байланыс операторы тексеру нәтижелері туралы ақпаратқа ие емес. Егер шешіммен келіспесеңіз немесе бас тарту себебін нақтылағыңыз келсе, мемлекеттік порталдың қолдау қызметіне жүгініңіз:

7. Тексеру сәтті өткен жағдайда құрылғыңыз туралы деректер Идентификациялық кодтар деректер базасының «ақ» тізіміне енгізіледі. Сізге құрылғы тіркелгені туралы SMS хабарлама келеді.

8. Егер өтінім оң шешіммен қаралса, бірақ SMS келмесе, келесі пәрменді теріңіз: *691#.

Модемдер, роутерлер, смарт-сағаттарды верификациядан өткізу:

1. https://kz-imei.kz мемлекеттік порталына кіріп, жеке кабинетке кіру үшін ЖСН енгізіңіз.

2. Жеке кабинетте авторизациядан өту үшін:

  • ЭЦҚ — компьютерден кіргенде.
  • eGov Mobile — смартфоннан кіргенде пайдаланыңыз.

3. Өтінімді толтырыңыз:

Өтінім түрі: Басқа құрылғыларды верификациялау (роутер, сағат және т.б.).

Бренд: құрылғы өндірушісінің атауын енгізіңіз (мысалы, ZTE, Huawei және т.б.).

Модель: модель атауын енгізіңіз. Оны құрылғының қорабынан табуға болады.

IMEI: IMEI нөмірін құрылғы қорабынан білуге болады. Егер құрылғыда екі немесе одан да көп IMEI болса, олардың әрқайсысын «IMEI қосу» батырмасын пайдаланып енгізу қажет.

4. Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

5. Мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі) өтініміңізді тексереді және оны растайды немесе кері қайтарады.

6. Тексеру нәтижелерімен «Менің өтінімдерім» → «Құрылғыларды верификациялау» бөлімінде танысуға болады:

  • Өңдеуде — өтінім мемлекеттік органда тексерілуде (тексеру мерзімі — 72 сағат ішінде).
  • Сәтті верификацияланды — құрылғыны ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілді.
  • Қабылданбады — өтінім тексеруден өтпеді. Себебін білу үшін «Өтінімнің егжей-тегжейі» бөлімін ашып, IMEI жанындағы қызыл түсті белгішеге курсорды апарыңыз — түсіндірме қалқымалы хабарламада көрсетіледі.

Маңызды! Ұялы байланыс операторы тексеру нәтижелері туралы ақпаратқа ие емес. Егер шешіммен келіспесеңіз немесе бас тарту себебін нақтылағыңыз келсе, мемлекеттік порталдың қолдау қызметіне жүгініңіз:

M2M-құрылғыларды (дабыл жүйелері, датчиктер, модульдер және т.б.) верификациялау:
<

M2M-құрылғыларды верификациялау талап етілмейді. Алайда, ұялы байланыс операторы Сіздің құрылғыңызды M2M ретінде дұрыс тануы үшін, пайдаланар алдында келесі электрондық поштаға сұрау жіберіңіз: m2m@beeline.kz.

Хатта көрсетіңіз:

  • Өндіруші
  • Модель
  • Құрылғының IMEI нөмірі
  • Тағайындалуы: GSM-модуль, GSM-трекер, сигнализация және т.б.
  • Құрылғының IMEI нөмірі мен сыртқы түрі анық көрінетін фотосын міндетті түрде тіркеңіз.

Маңызды! Егер Сіз хат жібермей-ақ M2M-құрылғыны пайдалана бастаған болсаңыз және қазір верификация қажеттілігі туындаса, құжаттарды ұсынбай-ақ жеңілдетілген рәсімнен өте аласыз.

Ол үшін өтінім түрі ретінде «Басқа құрылғыларды верификациялау» таңдаңыз (нұсқаулық: «Модемдерді, роутерлерді, смарт-сағаттарды верификациялау»).

group3-icon
Сапасына кепілдік бар, бағасы тиімді, сертификатталған құрылғы - Beeline Shop-та!