Басты бет / IMEI тіркеу

Құрылғыны не үшін тіркеу керек?

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Байланыс туралы" ҚР Заңына сәйкес (36-2-бап) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын міндетті түрде тіркеу енгізілді. M2M-құрылғылар мен Қазақстан аумағында роумингте тұрған құрылғыларды қоспағанда, мобильді телефондар, планшеттер, модемдер, SIM-карталары бар сағаттар және т.б. тіркелуі тиіс.
Ұялы байланыс операторларының тіркелмеген құрылғыларға байланыс қызметтерін көрсетуге құқығы жоқ.
Бұл ережелер телефон ұрлығын азайту, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейту үшін енгізілген.
Түсінгеніңіз үшін рахмет!

IMEI деген не және оны қайдан табамын?

IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл мобильді құрылғының, мысалы, смартфонның 15 таңбалы сәйкестендіру коды. IMEI төрт жерде көрсетілген: 1) құрылғының өзінде (көп жағдайда оны пернетақтада *#06# теру арқылы экранға шығаруға болады); 2) аккумулятор батареясының астында; 3) қаптамада; 4) кепіл талонында.

ЖСН деген не және оны қайдан табуға болады?

ЖСН (Жеке Сәйкестендіру Нөмірі) – бұл ҚР азаматына бір рет және өмір бойына берілетін 12 таңбалы бірегей цифрлы код. ЖСН ҚР азаматының жеке куәлігінің бет жағында, туған күнінен төмен орналасқан. ҚР азаматының паспортында ЖСН 2-бетте көрсетілген.

БСН деген не және оны қайдан табуға болады?

БСН (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі) – бұл ҚР аумағында тіркелген заңды тұлғаға бір рет және біржола берілетін 12 таңбалы бірегей цифрлық код. БСН нөмірін мобильді нөмір ресімделген заңды тұлғаның тиісті бөліміне жүгіну арқылы нақтылауға болады.

Егер әлі тіркемеген болсам, құрылғыны қалай тіркеуіме болады?

Құрылғыны төмендегі әдістердің бірімен тіркеуге болады:
- ҚР резиденті: *691# пәрменін теру, егер нөмір жеке тұлғаға ресімделген болса, ЖСН енгізу; егер нөмір заңды тұлғаға ресімделген болса, БСН енгізу.
- ҚР бейрезиденті: *693# пәрменін теру, заңды тұлғаның Шетелдік төлқұжат нөмірін немесе БСН-ін енгізу.
- 6914 қысқа нөміріне қоңырау шалу. Қоңырауларды қабылдау кестесі - таңғы 09:00-ден түнгі 01:00-ге дейін.
- Beeline-ның кез келген сату және қызмет көрсету кеңсесіне тікелей барып, қажетті ақпаратты ұсыну.

Өз бетінше тіркеуден өтпеген және 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін Beeline желісінде тіркелген барлық мобильді құрылғы нөмір ресімделген тіркеу деректеріне автоматты түрде тіркелді.
 

Егер USSD-пәрменді тергенде, «ММІ код қате» деп шықса не істеу керек?

Уайымдамаңыз, ондай болып тұрады — мәселе телефон баптауларында. Бірақ мұны түзеу оңай:

1.    Телефон баптауларында «Қосымшалар бапатуы» бөліміне кіріңіз. 
2.    «Жүйе қосымшалары» бабын таңдаңыз. 
3.    «Қоңыраулар» бөлімінен «Тұрған жер» кіріктірмесін ашыңыз. 
4.    «Елдің кодын қосу. Қоңырау шалар алдында елдің кодын автоматты түрде қосу керек пе?» бабын көріп тұрсыз ба? Соның тұсындағы белгіні алып, оны өшіріп қойыңыз.

Дайын! Құрылғыны қорықпай тіркей беріңіз.

SIM-картаны және 4G Wi-FI модем/роутерді қалай тіркеуге болады?

USSD-пәрмендері мен SMS қолдаусыз құрылғыға орнатылған нөмірді тіркеу «Менің Beeline» Мобильді қосымшасында жүргізуге болады:
1. Авторизациялау парағында «Нөмірді 4G роутерде тіркеу» тармағын таңдаңыз.
2. Тіркелетін нөмір мен оның PIN-код-ын енгізіңіз.
3. Келісім мәтінімен танысыңыз. Растау үшін «Қабылдау» батырмасын басыңыз.
4. Жеке басыңызды куәландыратын құжатты дайындаңыз. «Жалғастыру» басыңыз да, құжатыңыздың сканерлеуден өткізіңіз.
5. Селфи жасауға дайындалыңыз. Оның көмегімен біз бұл құжаттардың нақты Сіздікі екендігін түсінеміз.
6. Өзіңіздің байланысушы нөміріңізді көрсетіңіз. Ол кез келген ұялы оператордың нөмірі болуы мүмкін.
7. Байланысушы нөмірге жіберілген растау үшін кодты алыңыз да, оны қосымшаның терезесіне енгізіңіз.
8. Құжатыңызды дұрыс сканерлегеніңізді тексеріңіз. Егер бәрі дұрыс болса, «Деректерді растау» басыңыз. Қателер айқындалған жағдайда, құжатты тағы бір рет сканерлеңіз.
9. Тәмам! Нөмір тіркелді. «Әрі қарай» батырмасын басыңыз да, қосымшаны алдағы пайдалану үшін жедел қолжетімділік кодын орнатыңыз.

SIM-карта тіркелген соң, 4G Wi-FI модем/роутер өздігінен тіркеледі. Егер 5 минут ішінде өздігінен тіркелмесе, нұсқауларды пайдаланыңыз: 

1. SIM-картаны 4G Wi-FI модем/роутерге салыңыз.
2. Смартфон немесе ноутбукгіңізді 4G Wi-FI модемге/роутерге Wi-Fi арқылы қосыңыз.
3. Смартфон (немесе ноутбук) браузерінде келесі мекенжайды жазыңыз: http://m.home/
4. Кілт сөзді енгізіңіз: admin
5. Ашылған басқару интерфейсінде «Пәрмендер және SMS» бөліміне өтіңіз: оң жағында пәрмендерді теру панелі бар. 
6. Егер ҚР азаматы болсаңыз, осы құрылғыдан *691# пәрменін теріп, содан соң ЖСН-іңізді енгізіңіз. Егер шетел азаматы болсаңыз, *693# пәрменін теріп, Шетелдік төлқұжатыңыздың нөмірін жазыңыз.

Құрылғының бірегей емес немесе қайталанатын IMEI-коды деген не?

Шығарылған құрылғыларға Өндіруші бірегей IMEIкод тағайындайды. Алайда, әлемдік тәжірибеде түпнұсқа құрылғылардың жалған нұсқаларын жасаған жағдайлар кездеседі. Оларда бірегей IMEI-код болмауы мүмкін (түпнұсқа құрылғымен бірдей).
Байланыс операторларының желілерінде бірдей IMEI-коды бар абоненттік құрылғылар кездесуі мүмкін. Мұндай кодтар бірегей емес немесе қайталанатын деп аталады.
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап IMEI-кодтары бірегей емес құрылғылар тіркеуге жатпайды. Бұл ретте, егер сіз осындай құрылғыны Beeline желісінде 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркеген болсаңыз, ол жұмыс істейді.
Назар аударыңыз, мұндай құрылғыларды тіркеуден шығарғанда, сіз оларды қайта тіркей алмайсыз және оларды ҚР ұялы байланыс операторларының ешбірінің желісінде пайдалана алмайсыз.

Шетел азаматы, саяхатшы құрылғысын тіркеуі керек пе?

Егер шетел азаматы (турист) Қазақстанда роуминг қызметтерін қолданса, онда шетел операторының SIM-картасы салынған құрылғыны тіркеудің қажеті жоқ. Егер құрылғыда Қазақстандық оператордың SIM-картасы тұрса, ол тіркелуі тиіс.

Балалардың құрылғысын қалай тіркеу керек?

Егер құрылғыны 14 жасқа толмаған бала пайдаланса, ата-анасы немесе заңды өкілі оның құрылғысын өз деректеріне тіркеуі тиіс. Егер пайдаланушы 14 жаста болса, онда ол ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен құрылғыны сәйкестендіру деректерімен бірге тіркей алады. Бұл ретте нөмір ата-ананың немесе заңды өкілдің жазбаша келісімімен Beeline кеңселерінде ғана тіркеледі.

Бұрын басқа адам қолданған құрылғыны сатып алғанда, қалай тіркеу керек?

Сатып алмай тұрып, құрылғының тіркеуден шығарылғанын тексеріңіз. Ол үшін сайттағы IMEI тіркеуін тексеру қызметін пайдаланыңыз: imei.rfs.gov.kzЕгер құрылғы тіркелмеген болса, *691#(ҚР резиденттеріне) немесе *693# (ҚР бейррезиденттеріне) пәрмені арқылы жаңа құрылғыны стандартты тіркеуден өтіңіз. Егер құрылғы тіркелген болса, сатушыдан *6914# пәрменмен құрылғыны тіркеуден шығаруды сұрау керек.

M2M құрылғы деген не және оны тіркеу керек пе?

М2М — машинааралық өзара байланысуға арналған құрылғылар. Мысалы, GPS-трекерлер, күзет дабылы жүйелері, бейнебақылау жүйелері, "Ақылды үй" жүйелері, санағыштарды қадағалау жүйелері, терминалдар, банкоматтар. Заң нормаларына сәйкес мұндай құрылғылар тіркеуге жатпайды.
M2M-ді анықтау мүмкіндігі үшін мұндай құрылғылар келесі ақпаратты m2m@beeline.kz электронды поштасына жіберу керек: абоненттік нөмір, құрылғының IMEI-код, құрылғы үлгісі және оның мақсаты. Сондай-ақ, хатқа құрылғының және оның IMEI-кодының суреті бар сапалы фотосуреттер қоса берілуі тиіс.

Сұраныс 2 жұмыс күні ішінде сәтті өңделеді.

Модем, роутер, smart-сағат, балаар сағаты, планшеттер М2М-құрылғыға жата ма?

Жоқ, бұл құрылғылар М2М-құрылғылар қатарына жатпайды. Оларды жалпы негізде тіркеу керек.

Бір ЖСН/БСН-ге неше құрылғы тіркеуге болады?

Бір тұлғаға (ЖСН/БСН-ге) тіркелетін құрылғылардың саны заңнамамен шектелмеген. Өзіңізді ештеңеден шектемеңіз :)

Бір құрылғыны неше абонентке (ЖСН/БСН-ге) тіркеуге болады?

Бір құрылғы тек бір адамға (ЖСН/БСН-ге) тіркеледі. 

Егер мен бір құрылғыда бірнеше SIM-карта қолдансам, құрылғыны қалай тіркеуім керек?

Құрылғы иесінің ЖСН/БСН-іне тіркелуі тиіс. Егер Сізде бірнеше SIM-карта болса, құрылғыны солардың әрқайысымен тіркеу қажет. Бұл ретте барлық мобильді нөмірде тіркеу деректері бірдей (бірдей ЖСН/БСН) болғаны аса маңызды.

Егер мен бір SIM-картаны бірнеше құрылғыда қолдансам, оларды қалай тіркеуім керек?

SIM-картаңызбен әр құрылғыны кезегімен тіркеу қажет.

Құрылғыны тіркеуден қандай жағдайда бас тартылуы мүмкін?

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу ережелеріне бойынша, сәйкестендіру кодтары орталық дерекқорда бұл құрылғы немесе қолданыстағы нөмір басқа тұлғаға тіркелген болса, Оператор құрылғыны тіркеуден бас тартады.

Құрылғы екі симкалы болса, қалай тіркеу керек?

Екі симкалы құрылғының әртүрлі 2 IMEI-коды болады, екеуінде тіркеу керек. Егер екі SIM-карталы құрылғыда бөлек-бөлек екі нөмір қолданылса, қолданыстағы нөмірге қарамастан, екі ІМЕІ-де тіркелуі тиіс. 

Басқа ұялы байланыс операторынан көшіргенде (MNP), құрылғыны қайта тіркеу керек пе?

Нөмірді басқа оператордың желісіне көшіргенде, нөмір өзгермейді. Егер көшіргенге дейін қолданылған құрылғы ары қарай қолданылса және нөмірді тіркеу деректері (ЖСН/БСН) өзгермесе, құрылғыны қайта тіркеу қажет емес.  

Сатып аларда, құрылғыны қалай тексеруге болады?

Сатып алмай тұрып, сайтта IMEI-коды тексеру сервисімен құрылғыны міндетті түрде тексеріңіз: http://imei.rfs.gov.kz Құрылғыда *#06# USSD-пәрменін теріп, IMEI-кодын білуге болады