Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісу
«КаР-Тел» ЖШС-мен (БСН 980540000397) Жария шартты жасасу үшін мен ұсынған ЖСН және өзге деректер дұрыс. Нөмірді тіркеу үшін өзімнің жеке деректерімді тапсырып, Мен «КаР-Тел» ЖШС абоненттерінің жеке деректерін жинау, өңдеу және қорғауына қатысты саясатымен келісетінімді білдіремін және жеке деректерді жинауға, өңдеуге, оның ішінде жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру және «КаР-Тел» ЖШС жинайтын абоненттер жеке деректерінің Саясаты мен Тізбесінде айтылған, заңнама талаптарына сәйкес менің жеке деректерімді трансшекаралық беруге келісімімді беремін.
Жеке деректерді жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде тарату ұйғарылмайды.
Нөмірді тіркеу үшін дербес деректерімді бере отырып, Жария шартқа қосыламын, "КаР-Тел" ЖШС мен серіктестерінің sms-хабарламаларын және жарнамалық-ойын-сауық сипатындағы өзге де хабарламаларын алуға, сондай-ақ роуминг қызметін қосуға келісемін. Жария шарттың мәтінімен және талаптарымен, қызметтерге арналған қолданыстағы тарифтермен, сондай-ақ роуминг қызметін өшіруге арналған *120*601# командасымен таныстым және келісемін.
Сондай-ақ мені мен құжаттарымды сәйкестендіру, маған байланыс қызметтерін және олармен байланысты басқа да қызметтерді көрсету, мені фотография бойынша верификациялаудан кейін сервистік операцияларды жүргізу, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өңдеу үшін "Кар-Тел" ЖШС-нің фотосуретке түсіруіне келісемін.
Сондай-ақ дербес және/немесе өзге де қазіргі және болашақтағы жеке деректерімді жинауға, өңдеуге және оларды Кредиттік бюроға беруге; МДҚ-дан (мемлекеттік деректер қорынан) ақпарат алуға, Кредиттік бюроның мұндай ақпаратты өз бетінше, операторлар немесе үшінші тұлғалар арқылы алуына және беруіне келісетінімді растаймын. Кредиттік бюроға қатысты көрсетілген келісім менің биометрикалық деректерімді ұсынусыз абоненттік қызмет көрсеткен кезде ғана жарамды.
Келісім, нөмірді тіркеу үшін дербес деректерді берген сәттен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа жағдай қарастырылмаса, дербес деректерді жинау және өңдеуге қажет мерзімде әрекет етеді.