Қазақстанда мобильді байланысы бар кез келген құрылғы міндетті түрде тіркелуі керек. Ол «Байланыс туралы» ҚР заңына сәйкес (36-2-бап) енгізілген. Жеке тұлғалардың құрылғылары ЖСН немесе төлқұжат нөміріне тіркеледі:
Мобильді телефондар, планшеттепр, модемдер, SIM-карталары бар сағаттар тіркелуі тиіс, М2М құрылғылар мен роумингтегі мобильді құрылғылар тіркелмейді.
2025 жылғы 25 наурызда Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу ережелері өзгерді. Енді құрылғы мемлекеттік верификациядан өткен жағдайда ғана тіркеуге және байланыс қызметтеріне жіберіледі. Жаңа ережелер туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.
Телефоныңызды жоғалтып алдыңыз, SIM-карта жұмыс істемей қалды немесе жай ғана eSIM-ге ауысқыңыз келе ме? Біз ауыстыруды барынша ыңғайлы еттік — өзіңізге қолайлы тәсілді таңдаңыз!
📱 Егер смартфоныңыз eSIM-ді қолдаса:
Пластикалық SIM-карта туралы ұмытыңыз — eSIM-ді Janymda қосымшасы арқылы орнатыңыз:
eSIM-ді қалай орнатуға болады:
Janymda қосымшасын ашыңыз.
«Менің нөмірім» бөліміне өтіңіз.
Өз нөміріңізге басыңыз → «SIM-картаны/eSIM-ді ауыстыру» → «eSIM» таңдаңыз.
Нұсқауларды орындаңыз — бәрі дайын!
💳 Егер Сізде кәдімгі SIM-карта болса:
Оны өзіңіз ауыстыра аласыз немесе жеткізуге тапсырыс беруге болады.
🔧 SIM-картаны өз бетінше ауыстыру:
4G логотипі және «Ауыстыруға арналған SIM-карта» жазуы бар Beeline SIM-картасын сатып алыңыз.
Ескі SIM-картаны шығармaй, келесі пәрменді теріңіз:
*633*жаңа SIM нөмірі*жаңа SIM PIN2#
📌 Жаңа SIM нөмірі — қаптамада бар (соңғы санды жазудың қажеті жоқ).
Ауыстыруды сағат 20:00-ге дейін жасаған дұрыс.
Ауыстыру туралы SMS келеді (әдетте 2–5 минутта). Егер келмесе — жаңа SIM-картаны салыңыз.
Сіздің нөміріңіз автоматты түрде жаңа SIM-ге ауысады!
🚚 SIM-картаны жеткізуге тапсырыс беру:
Janymda қосымшасын ашыңыз.
«Менің нөмірім» бөліміне өтіңіз → нөмірге басыңыз → «SIM-картаны ауыстыру» таңдаңыз.
Оператордың қоңырауын күтіңіз.
Егер өтінім сағат 14:00-ге дейін берілсе — жеткізу сол күні болады, 14:00-ден кейін болса — келесі күні.
Қала ішінде жеткізу құны — 500 теңге.
💰 Ауыстыру құны:
SIM жоғалғанда/зақымдағанда ауыстыру — 200 теңге.
Ескі SIM-ды 4G-ге ауыстыру — тегін.
⚠️ Білу маңызды:
Тек белсенді SIM-картаны ғана ауыстыруға болады.
Нөмір өз атыңызға тіркелген болуы керек (тексеру: *835#).
Жаңа SIM алған кезде жеке куәлік/төлқұжат қажет.
Егер нөмір Сіздің атыңызда болмаса — нотариалды сенімхат қажет.
Өз бетінше ауыстырғанда SIM-картаның өңірін тексеріңіз — 632 нөміріне қоңырау шалыңыз, робот бәрін айтып береді.
📍 Жаңа 4G SIM-картаның қаптамасында/ұстағышында көрсетілген өңір Сіздің нөміріңіз шығарылған өңірмен сәйкес болуы керек. Өңір тек өз бетінше ауыстырғанда маңызды. Нөмірді Қазақстанның кез келген жерінде және роумингте пайдалануға болады.
Нөмір қандай жағдайда жойылады
Егер Сіз нөмірді 12 ай бойы қолданбасаңыз, ол жойылады. Қолданбау — демек қоңырау шалмау және қоңырау қабылдамау, SMS жібермеу және қабылдамау, интернетке шықпау. Бұл ереже Жария шарттың 9.6-тармағында бекітілген. Бұл ретте нөмірдің бұрынғы иесіне, жойылған сәтте теңгерімде болған соманы қайтаруға 3 жыл беріледі.
Өз нөміріңіді қайтару жолы
Кейбір жағдайда, бұрын жойылған нөмірді қалпына келтіре аласыз. Ол үшін, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер қалыпна келтіру мүмкіндігін тексереді. Егер жойылған нөмірді қалпына келтіруге мүмкіндік болса, нөмірдің иесі жеке куәлігін алып, біздің кез келген кеңсеге келуі керек. Қалпына келтіру құны 600 теңге + бастапқы жиынтықтың құны.
Маңызды! Егер жойылған нөмір бұрын Beeline-ға басқа оператордың желісінен ауыстырылса, қалпына келтіру мүмкіндігін тексеру үшін, нөмірдің бастапқы операторына хабарласу керек.
SIM-карта жоғалды ма немесе телефонды уақытша қолданбайсыз ба? Сіз нөмірді тегін бұғаттай аласыз.
Жоғалғанда және ұрланғанда:
Beeline-ның Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау шалыңыз немесе кеңсеге жолығыңыз.
Өз қалауыңызбен бұғаттау:
Beeline кеңсесінде бұғаттауға болады.
Маңызды! SIM-картаны бұғаттан босатқан соң, нөмірде қосылған тариф пен қызметтердің абоненттік төлемі алынады.
Beeline кеңсесінде нөмірді басқа тұлғаға оп-оңай тіркеуге болады.
Не істеу керек:
Назар аударыңыз: егер Сіз «Сенім төлемін» алсаңыз, қызметті қосқаннан кейін төртінші күні ғана нөмірді қайта тіркеуге болады.
Тек екі тарап болса ғана нөмірді қайта тіркеуге болады және ол тегін.
Қызмет деректерді мұқият тексеруді талап етеді, сондықтан алдын ала 116 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береміз (Beeline нөмірінен тегін).
Айтпақшы, егер Сізде бұрын басқа оператор болса да, қайта тіркеуге болады.
Қандай құжаттар қажет
Жеке тұлғалар жеке куәлігімен келуі тиіс (немесе клиенттің нотариус куәләндырған сенімхаты болуы керек).
Егер тегіңізді ауыстырсаңыз
Егер тегіңізді өзгертсеңіз және тіркеу деректерін өзгерткіңіз келсе, тегіңізді ауыстрығаныңызды растайтын құжат ұсыну керек (неке куәлігі, ажырасқаны туралы куәлік және т.с.с.).
Егер нөмірдің кімге тіркелгенін білмесеңіз
Нөмірдің кімге тіркелгенін *835# пәрменімен тексере аласыз
Егер нөмірдің иесімен таныс болсаңыз, Beeline кеңсесіне хабарласыңыз. Екі тараптың жеке куәлігі болса ғана бұл процедура жүзеге асады.
Егер ол адамды білмесеңіз, деректерді қайта тіркеу мүмкіндігін тексеру үшін 116 нөміріне қоңырау шалыңыз (Beeline нөмірінен тегін).
Байланыста қалу үшін нөмірді өз деректеріңізге тіркеу маңызды.
Енді мұны жасау одан да оңай — Нөмірді тіркеу сайты арқылы: https://service.beeline.kz
Сондай-ақ нөмірді Janymda мобильді қосымшасында тіркеуге болады
Нөмірдің тіркелуін *835# пәрмені арқылы тексеруге болады
Егер нөмірдің Сізге тіркелмегенін анықтасаңыз:
Маңызды! Егер нөмір биометриялық сәйкестендіру жүйелері арқылы тіркелген болса, қайта тіркеу қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда құқықты беру рәсімі тек Beeline кеңсесінде, нөмір тіркелген адамның қатысуымен жүзеге асырылады.