Әділ пайдалану саясаты шексіз интернеті бар барлық тариф жоспарларда қолданылады.
Бұл құжаттың мәні — пайдаланушы өз тариф жоспарының шарттарында көрсетілген белгілі бір көлемдегі интернет-трафикті пайдаланғаннан кейін интернет жылдамдығы төмендеуі мүмкін, бірақ шексіздік сақталады.
Саясаттың мақсаты — кейбір адамдардың шамадан тыс (орташа деңгейден жоғары) трафик тұтынуын болдырмау және желіге түсетін жүктемені теңдей бөлу. Бұл басқа абоненттер үшін қызмет сапасының төмендеуін немесе үзілуін болдырмауға көмектеседі.
Дәл осындай қағида дауыстық қызметтерге де қолданылады: шамадан тыс пайдалану желіге қосымша жүктеме түсіріп, басқа абоненттерге көрсетілетін қызмет сапасын төмендетуі мүмкін.
Жылдамдықты төмендету желіге түсетін жүктемені теңдей бөлуге көмектеседі.
Егер интернетке бір уақытта көп пайдаланушылар қосылса немесе кейбір клиенттер шамадан тыс трафик тұтынса, бұл желіге қосымша жүктеме түсіріп, барлық пайдаланушылар үшін интернет сапасын нашарлатуы мүмкін.
Әділ пайдалану саясаты бойынша, жүктеме көп болатын уақытта жылдамдық уақытша төмендеуі мүмкін:
барлық клиенттер үшін — желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында;
бөлек клиенттер үшін — егер олар орташа тұтыну көлемінен асып кетсе.
Бұл пайдаланушылардың көбісі үшін тұрақты қосылуды қамтамасыз етіп, қызмет сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
• Жылдамдықтың төмендеуі деген не?
Деректеріміз бойынша, Beeline клиенттерінің 99%-ы интернетті тиімді пайдаланып, жылдамдықтың төмендеуімен кездеспейді.
Егер Сізде интернет жылдамдығы төмендесе, бұл Сіз ең көп трафик тұтынған 1% пайдаланушы қатарына кіргеніңізді білдіреді.
Маңызды:
Егер Сізде шексіз интернеті бар тариф болса, шексіздік сақталады, бірақ белгілі бір көлемнен кейін жылдамдық уақытша төмендеуі мүмкін.
Оператор келесі қызметтер үшін жеткілікті жылдамдықты сақтауға тырысады:
әлеуметтік желілер мен мессенджерлер,
интернет-серфинг,
видеоларды қолайлы сапада көру.
• Әділ пайдалану саясаты қай кезде қолданылады?
Саясат келесі жағдайларда қолданылады:
шексіз интернеті бар тариф жоспарларға,
шексіз трафик ұсынатын қызметтер мен акцияларға (видеосервистер, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және т.б.).
• Жылдамдық шектеуі қанша уақытқа созылады және оны қалай қалпына келтіруге болады?
Шектеу келесі абоненттік төлем алынатын күнге дейін сақталады.
Егер төмен жылдамдық Сізге ыңғайсыз болса, оны алдын ала қалпына келтіруге болады:
«Janymda» қосымшасында немесе *355# пәрмені арқылы — тариф қайта қосылып, абоненттік төлем алынады, пакеттер жаңартылады, жылдамдық қалпына келеді.
Егер нөміріңіз «Үйдегі Интернет» тарифіне қосылған болса және «Шексіз 4G» акциясы әрекет етсе, *912*8# пәрменін теріңіз — 1790 теңгеге айдың соңына дейін ең жоғары жылдамдықта 8 ГБ қосылады.
• Жылдамдықтың төмендеуінен қалай сақтануға болады?
Шектеуге ұшырамау үшін трафикті шамадан тыс тұтынудан аулақ болыңыз.
Шамадан тыс пайдалану белгілері:
интернетті жеке мақсатта емес пайдалану,
модем арқылы жиі интернет тарату,
торренттер/p2p белсенді қолдану,
аудио/видео контентті үздіксіз стриминг жасау.
Біз барлық Beeline клиенттеріне дауыстық байланысқа тең қолжетімділікті ұсынамыз. Алайда кейбір жағдайларда дауыстық қызметтерді шамадан тыс пайдалану желіге қосымша жүктеме түсіріп, басқа пайдаланушылар үшін байланыс сапасын нашарлатуы мүмкін.
Қосымша жүктемеге не жатады?
Дауыстық байланысты әділетсіз пайдалану дегеніміз мыналар:
мобильді байланысты жеке мақсатта емес пайдалану (мысалы, колл-орталықты ұйымдастыру),
конференц-қоңырауларды шамадан тыс пайдалану,
қоңырауларды жиі күтуге қою,
қоңырауларды жаппай қайта бағыттау,
орташа деңгейден едәуір асып кеткен дауыстық трафиктің басқа түрлері.
Қандай шаралар қолданылады?
Әділ пайдалану саясаты бойынша, мұндай пайдаланушылар үшін дауыстық қоңырау шалу мүмкіндігі уақытша немесе жүктеме қалыпқа келгенге дейін шектелуі мүмкін.
Мобильді байланысы бар «Үйдегі Интернет» тариф жоспарларында Әділ пайдалану саясаты қолданылады (Жария шартқа сәйкес).
Бұл дегеніміз — мобильді нөмірлерде белгілі бір трафик көлемі жұмсалғаннан кейін интернет жылдамдығы төмендейді деген сөз, бірақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тілдесу үшін жеткілікті жылдамдық сақталады.
Өз тарифіңізді Janymda қосымшасынан оңай біле аласыз.
«Шексіз 4G» акциясы
50 ГБ жұмсалғаннан кейін жылдамдық 1,5 Мбит/с дейін төмендейді.
«Шексіз 4G Plus» акциясы
50 ГБ жұмсалғаннан кейін жылдамдық 1,5 Мбит/с дейін төмендейді.
«Екі есе пайда архив», «Премиум Отбасы 5+ архив», «Премиум Отбасы 3+ архив»
40 ГБ жұмсалғаннан кейін жылдамдық 256 Кбит/с дейін төмендейді.
«Мега Премиум+ архив», «Премиум Отбасы х3 Plus», «Премиум Отбасы х5 Plus»
60 ГБ жұмсалғаннан кейін жылдамдық 256 Кбит/с дейін төмендейді.
«Премиум х1 Plus»
100 ГБ жұмсалғаннан кейін жылдамдық 256 Кбит/с дейін төмендейді.
Жылдамдықты қалпына келтіру: «Турбобатырма 10 ГБ»
Тариф жоспарының шарттарында көрсетілген жылдам трафик көлеміне жеттіңіз бе? Ал мобильді интернет жылдамдығы Әділ пайдалану саясатына сәйкес төмендеді ме?
Онда «Турбобатырма 10 ГБ» қызметін пайдаланыңыз! Қызметті қосыңыз да, келесі 10 ГБ қайтадан жоғары жылдамдықта болады.
Маңызды ақпарат:
1. Қызмет айдың соңына дейін әрекет етеді.
2. Қызмет үшін 1990 теңге мобильді теңгерімнен алынады, логиннен ЕМЕС.
3. Қызметті шексіз рет қосуға болады.
«Турбобатырма 10 ГБ» қызметін қалай қосуға болады:
| Тарифтер | Тариф бойынша жоғары жылдамдықтағы трафик | Қосу пәрмені |
| «Шексіз 4G PLUS» | 50 ГБ, ары қарай 1,5 Мбит/с | *918*10# |
| «Мега Премиум» «Премиум Отбасы х3 Plus» «Премиум Отбасы х5 Plus» | 60 ГБ, ары қарай 256 Кбит/с | *916*10# |