Артқа

Ресейдегі роумингке шектеулер 

07.10.2025

06.10.2025

2025 жылдың 6 қазанынан бастап Ресейге кірген кезде жергілікті желіге алғаш тіркелгеннен кейін роумингтегі интернет пен SMS 24 сағатқа бұғатталады. Шектеулерді Ресей операторлары қойған.

Нені білген жөн:

• 24 сағат өткен соң интернет пен SMS автоматты түрде қалпына келеді;

• дауыс қоңыраулары жұмыс істейді. Сіз оларды әдеттегідей қабылдап және хабарласа аласыз.

Бұғатты қалай бірден алып тастауға болады?

1. Ресейдің Билайн немесе MTS желісіне қосылыңыз. Егер телефон желіні автоматты түрде таңдамаған болса, оны құрылғы баптауларында қолмен таңдауға болады.

• Android:
Мәзір → Баптаулар → Басқа желі → Мобильді желі → Желі операторлары → Желіні іздеу.

Билайн немесе MTS таңдаңыз.

• iOS:
Мәзір →Реттеулер → Ұялы байланыс → SIM-карталар → Желі таңдауы → «Автоматты» функциясын өшіру → Операторды таңдау.

Билайн немесе MTS таңдаңыз.

2. Желіге қосылғаннан кейін Сізге таңдаған оператордан нұсқаулығы бар SMS келеді. Сілтеме бойынша өтіп, көрсетілген қадамдарды орындаңыз: интернет пен SMS қосылады.

Қалай байланыста қалуға болады?

30 минуттық қоңыраулар пакеті мен шексіз интернеті бар «СуперВиза М» қызметін қосуды ұсынамыз. Толығырақ мына жерде.

Жаңалықтарды бақылап отырыңыз — Ресейдегі роуминг жайлы барлық өзекті ақпарат біздің сайтта жарияланады.