03.02.2025
2025 жылдың 20 ақпанынан бастап Beeline нөмірлерінен Қазақстанның басқа мобильді операторларының нөмірлеріне ақша аударымдары үшін 1% орнына 5% комиссия алынады.
Комиссияның өзгеруі аударымдарды техникалық жүйелерде ұйымдастыру және сүйемелдеу шығындарына, сондай-ақ осы қызметтің қазіргі нарықтық бағаларына байланысты.
Beeline-нан Beeline-ға аударымдар тегін болып қалады.
Еске сала кетейік, теңгерімнен теңгерімге қаражат аударудың бірнеше жолы бар:
• Beeline Қазақстанның ресми сайтында;
• «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» мобильді қосымшасында.
Мобильді аударымдар сервисін пайдаланғаныңыз үшін рахмет!