11.04.2025
2025 жылдың 14 сәуірінен бастап «Гигабайт Сыйла» қызметі қайтадан Beeline пайдаланушыларына қолжетімді. Осы қызметтің көмегімен өзіңіздің гигабайттарыңыздың бір бөлігін кез келген белсенді Beeline нөміріне бірнеше рет басу арқылы жіберуге болады.
Қызмет 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін архивтік тариф жоспарлар пайдаланушыларына қолжетімді болды, содан кейін бастапқы шарттарға сәйкес жабылды. Бірақ біз «Гигабайт Сыйла» қызметін қайта іске қосуды шештік, өйткені бұл функция жақындарыңызды интернет-трафикпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал бұл біздің клиенттеріміз үшін маңызды.
Біздің сайтта және қосымшадағы «Гигабайт Сыйла» қызметінің ресми сипаттамасында уәде еткендей, ұзақ уақыт бойы біз шығындарды өзіміз көтердік. Қызмет 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қосымша төлемсіз жұмыс жасады. «Гигабайт Сыйла» қызметін қайта іске қоспас бұрын, біз пайдаланушылардың қажеттіліктері мен нарықты талдадық және 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап бір жіберу құнын 99 теңге етіп белгіледік: сома тек жіберушінің теңгерімінен алынады. Бұл баға шығындармен негізделген және, қалай болса да, гигабайттарды алатын адам оларды өзі сатып алғаннан арзан болып шығады.
Егер Сіз «Гигабайт Сыйла» қызметін қосымша төлемсіз пайдаланғыңыз келсе, қолданыстағы «Мега 5999+» немесе «Мега 7999+» тариф жоспарына ауыса аласыз. Бұл тарифтермен қызмет бұрынғы шарттарда жұмыс жасайды.
Қызмет туралы толығырақ мына жерден біліңіз.