Басты бет / Жаңалықтар

«Үйдегі Интернет» тариф желісіндегі өзгерістер жайлы

«Үйдегі Интернет» желісі жаңартылмақ. Сондықтан 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап «Премиум х1 Plus», «Премиум Отбасы х3 Plus» және «Премиум Отбасы х5 Plus» тарифтеріне жаңа қосылымға өтінімдер қабылданбайды. 

Аталған тариф жоспарларына осы күнге дейін қосылған қазіргі абоненттерге алаңдаудың қажеті жоқ — оларды әрі қарай пайдалана беруге болады. 

Жақында жаңа кешенді ұсыныстар келеді: мобильді байланыс, үйдегі интернет пен ТВ — бәрі бір пакеттің ішінде. Жаңалықтарды beeline.kz сайтынан немесе Janymda қосымшасынан бақылаңыз.