Басты бет / Жаңалықтар

Beeline-ның абоненттерге үндеуі

Beeline миссиясы - абоненттерге тұрақты және сапалы байланыс ұсыну. Әрбір екінші қазақстандық бізді таңдайды және біз бұл үшін ризамыз. Біз бірге үлкен жолдан өттік: 3G желісінің пайда болуымен мобильді интернеттің керемет мүмкіндіктерін аштық, WhatsApp-тың келуген соң SMS жазуды ұмыттық, 4G желісінің таралуын бірге бақылап, видеоқоңырауларға да тез үйреніп алдық.

 

Біз әрқашан байланыста болудың қаншалықты маңызды екенін анық түсінеміз, сондықтан төтенше жағдайға тап болған отандастарды қолдауға әрқашан дайынбыз. Мақтааралда, Екібастұзда және Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған жағдайда біз бейтарап қалмадық. Біз бірге пандемия мен қаңтардан аман қалдық. Қиын кезеңдерде бірігудің қаншалықты маңызды екенін түсініп, біз коммерциялық қызметіміздің шеңберінен тыс әрекет етуге дайынбыз. Осылайша, «Қазақстан халқына» қорына Beeline Қазақстан бөлген ақшаға республика бойынша 8 ауылдық мектеп НЗМ стандартына дейін жақсартылды.

 

Beeline сапа саласында көшбасшы болуға ұмтылады және мұны халықаралық сарапшылар байқауда. Мысалы, Vigo компаниясы. Біз абоненттерге цифрлық құжаттармен қызмет көрсетуді бірінші болып үйрендік және байланыс орталығымен байланысудың орташа уақытын 59 секундқа дейін қысқарта алдық. 2022 жылғы жетістіктер туралы толығырақ біздің сайттан оқи аласыз.

Бірақ қызмет сапасы мен құнына үнемі әсер ететін бірқатар сыртқы фактор бар. Компания оларды елеусіз қалдыра алмайды.

 

Деректерді тұтыну көлемі мен желі жүктемесінің өсуі

Біздің қызметтерді пайдаланатын адамдар саны артуда және соңғы бес жылда мобильді деректер сұранысы бес еседен астам өсті, бұл біздің желінің инфрақұрылымына орасан жүк түсіреді. Бір базалық станцияның ресурсы шектеулі, сондықтан жүктеме байланыс сапасына әсер етпеуі үшін қосымша базалық станцияларды орнату және жұмыс істеп тұрған жабдықты жаңарту қажет. Бес жылда біз желіні жаңғыртуға 156 млрд теңге инвестиция салдық. Бұл ретте осы соманың 2/3 бөлігі 2021 және 2022 жылдарда жұмсалды. 2022 жылы еліміздің барлық жерінде 4000-нан астам базалық станция* орнаттық.

 

*Байланыстың базалық станциясы - ұялы телефон сигналдарын қабылдайтын және тарататын, осылайша желінің таралуын қамтамасыз ететін жабдық. Бір тірекке немесе антенна-діңгек құрылымына бірнеше базалық станция орнатылуы мүмкін, олардың әрқайсы бір буынның: 2G, 3G немесе 4G байланысына жауап береді. Байланыс инженерлері базалық станциялардың мұндай тобын сайт деп атайды

 

Инфляция

Соңғы бес жылда инфляция деңгейі жаһандық деңгейде де, жергілікті деңгейде де айтарлықтай өсті. Бұл 5 жыл бұрынғыға қарағанда бір ақшаға әлдеқайда аз тауар сатып алынатынын білдіреді. Тек Қазақстанда 2022 жылдан 2018 жылға дейін жиынтық инфляция 55%-ды құрады. Яғни, 5 жыл бұрын шартты түрде 1000 теңге тұратын тауарлар бүгінде 1550 теңге тұрады. Бұл - жабдықтан бастап шығын материалдарына дейінгі шығындардың көбеюіне алып келді.

 

 

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Инфляция, %

5,3% 

5,4%

7,5%

8,4%

20,3%

2018 жылға дейінгі жиынтық өсу

5,3%

11,0%

19,3%

29,3%

55,6%

 

Теңгенің құнсыздануы

Желіні дамытуға қажет түгелге жуық жабдық шетел валютасымен сатып алынады, өйткені ол Қазақстаннан шет жерде өндіріледі. Соңғы бес жылда доллар 34%-ға қымбаттады, бұл да өз кезегінде шығынға айтарлықтай әсер етеді

 

Байланысты қолдау және сапасын жақсарту шығындары

Өсіп келе жатқан абоненттер саны мен тұтыну көлеміне қызмет көрсету үшін адамда көп болуы және АТ-жүйе де ауқымды болуы қажет. Егер 2018 жылы біздің желіде Қазақстан бойынша шамамен 13 200 базалық станция болса, 2022 жылы базалық станция саны 25 000-нан асты. Егер 5 жыл бұрын Техникалық дирекция командасы 574 адам болса, осы кезеңде ол 40%-ға өсті және 2022 жылы 787 адам болды. Осы үлкен команда маусымға, тәулік уақытына және ауа райына қарамастан күнделікті профилактикалық, жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізеді

Біз де азық-түлік, жанар-жағармай және жылжымайтын мүліктің бұрынғы бағасын аңсаймыз, бірақ әлем өзгеруде және сізге ары қарай да сапалы қызмет көрсету үшін біз өзгеруіміз керек. Бағаны көтеруге байсалды және жауапкершілікпен қарайтынымызға сеніңіз. Біз нарықтағы орташа деңгейден төмен тариф жоспарларын ғана түзетеміз, оларды біртіндеп өзгертеміз және клиенттерімізге әсерін азайту үшін 30 күн бұрын абоненттерге өзгерістер туралы хабарлаймыз.

Жасаған амалдарымыздың арқасында біз тамаша нәтижелерге қол жеткіздік.

 

  •  Еліміздің бүкіл жерінде мобильді интернеттің жылдамдыған арттырдық. Егер былдтыр мобильді интернеттің орташ жылдамдығы 20,7 Мб/сек болса, биыл 30,6 Мб/сек. Бұл дегеніміз шамамен 47%-ға өскенін көрсетеді.
     
  • Елдер рейтингінде байланыс арзан елдердің алдыңғы қатарын ұстап келе жатырмыз. Internet Accessibility Index деректеріне сүйенсек, 1 Гб  ГБ мобильді интернет құны жағынан 8-орындамыз. Бұл ретте, технологиялыө жабдықтың құны барлық ел үшін бірдей, ал бізге өте үлкен аумақты қамту керек, өйткені біздің ел жер көлемі жағынан әлем бойынша тоғызыншы орында ғой.
     
  • Қолжетімді интернеттің арқасында қазақстандықтар — әлемдегі ең белсенді қолданушылардың бірі. Егер дүние жүзінде бір абонент орта есеппен айына 9,9 Гб пайдаланса, біздің елде — 15 Гб тұтынады. Біз Instagram мен TikTok-тан бірнеше сағат бас алмай отыра аламыз. YouTube-ті машинада «тыңдай» аламыз. Кейбір ел үшін бұл – сән-салтанат болып саналады, өйткені видеоконтент өте ауыр, яғни трафик қымбат, сондықтан олар YouTube-ті тек үйде Wi-fi желісімен көреді.
  • Қазір 4G немесе LTE желісі Beeline абоненттеріне ел аумағының 97%-да қолжетімді. Бұл қазақстандық барлық оператордың ішіндегі ең үздік көрсеткіш.  
     
  • Біз тек қалаларда ғана емес, шалғайдағы шағын ауылдарға да байланыс орнатамыз. Кейде ондай ауылдарда 200-ден сәл ғана асатын адам тұрады, бірақ өз базалық станциясы бар және олар бүкіл әлеммен байланыста. Былтыр 4G желісі 900-ден астам елді мекенге тартылды. Егер сіз тас жолда жиі жүрсеңіз, онда біздің абонент болуыңыз әбден мүмкін.

Біз жай ғана тарифтердің бағасын көтерген жоқпыз. Реттеуші бекіткен ережелер рұқсат етіп тұрғанда, тарифтердің толтырылуын қайта қарап, қайта жинадық. Сондықтан клиенттер үшін 1 Мб-ның нақты бағасы жыл сайын орта есеппен 10%-ға төмендеді.

 

 

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Абоненттер үшін 1 МБ трафиктің орташа құны, тг, ҚҚС қосылмаған

0,134

0,127

0,107

0,096

0,087

Жылдан жылға өсуі

 

-5%

-16%

-10%

-10%

 

Біз тарифті көтеру туралы ғана емес, сонымен қатар өнімдерімізді абоненттеріміз үшін қалай тиімді әрі пайдалы етуді де ойлаймыз. Міне оған бірнеше мысал:

- Біздің телевизияны, үйдегі интернет пен мобильді байланысты алғанда, соңғысынан 50% үнемдей аласыз.

- «Супер» тарифін таңдай отырып, келесі өнімдеріміздің бірін: көбейтілген кешбэк беретін Simply необанкін, hitter музыка сервисін немесе BeeTV фильмдер мен телехикаялар сервисін бонус ретінде аласыз.

- «Отбасы ортасы» қызметімен Сіз тарифіңізді жақындарыңызбен бөлісе аласыз.

- Біздің қызметтерді жасы, қызығушылығы және жетістігі әртүрлі абонент пайдаланатынын түсінеміз. Сондықтан бізде әлеуметтік тариф,  мобильді интернеті жоқ топтама және керісінше шексіз мүмкіндіктері бар тарифтер бар.

Егер тариф жоспарының жаңа шарттары көңіліңізден шықпаса, бізге хабарласыңыз, жаңа тарифті сізбен бірге таңдаймыз, өйткені біз үшін абоненттеріміз қымбат.  

Қазақстандағы барлық байланыс операторының ішінен Сіз бізді таңдадыңыз. Біз оны жоғары бағалаймыз және сіздер жақындарыңызбен, достарыңызбен үнемі байланыста болуларыңыз үшін, әлеуметтік желі таспаларын іркілмей қарай алуларыңыз үшін, интернетте екі шертіп төлеулеріңіз үшін, сүйікті кофеханаңыздан, тіпті Астана-Алматы тас жолында кетіп бара жатқан машинадан жұмыс істей алуларыңыз үшін бәрін жасауды мойынымызға аламыз. Тұрақты қолдауларыңыз үшін рахмет!

 

Шын пейілмен Сіздердің,
Beeline Қазақстан