Артқа

2 қарашадан бастап Beeline-ның бонустық бағдарламасында өзгерістер болады

29.10.2026

2026 жылғы 2–4 қараша аралығында Beeline-ның бонустық бағдарламасында өзгерістер болады.

S! бонустар енді «бонустар» деп аталады. COINS ойын валютасы бұдан былай пайдаланылмайды, ал барлық жинақталған COINS ұпайларын 1:1 бағамы бойынша автоматты түрде бонустарға аударамыз (яғни әрбір COIN үшін 1 b-бонус есептейміз).

Бонустарды пайдалану тәсілдері де өзгереді. Мобильді теңгерімді b-бонустармен Janymda қосымшасындағы теңгерімді толықтыру бөлімі арқылы толықтыруға болады. Ал бонустарды электрондық әмиянға шығару мүмкін емес.

Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін Janymda қосымшасындағы бонустық бағдарлама беті жаңартылады.

 

Қандай жаңа бонустар шықты?
Janymda-да жаңа адалдық бағдарламасы пайда болды. Енді S! бонустар орнына жай ғана бонустар болады. Олар қосымшадағы сатып алулар, төлемдер және басқа да әрекеттер үшін есептеледі.

Не өзгерді?
S! бонустар енді жай ғана бонустар деп аталады. Барлық жинақтарыңызды 1:1 бағамы бойынша автоматты түрде аударамыз. Сіз ештеңе жоғалтпайсыз және оларды бұрынғыдай пайдалана аласыз. Сондай-ақ Janymda-да бонус алудың жаңа тәсілдері пайда болады.

Жаңа бонустарға ауысу үшін бірдеңе істеу керек пе?
Жоқ, өзіңіз аударудың қажеті жоқ. Біз бәрін автоматты түрде жасаймыз. Janymda-ны ашып, басты экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы бонустар белгішесін басыңыз және қосымшадағы нұсқауларды орындаңыз.

Бонустарды қалай алуға болатынын қайдан көруге болады?
Janymda-дағы «Қалай алуға болады» бөлімін ашып, өзіңізді қызықтыратын санатты таңдаңыз. Сол жерден бонустар есептелетін әрекеттердің толық тізімін таба аласыз.

Бонустарды не үшін алуға болады?
Janymda-дағы сатып алулар, төлемдер және басқа да әрекеттер үшін. Толық тізімді «Қалай алуға болады» бөлімінен таба аласыз: өзіңізді қызықтыратын санатты таңдаңыз.

Бонустар қашан есептеледі?
Бонустар Janymda-дағы төлем немесе басқа әрекет туралы ақпаратты алғаннан кейін 24 сағат ішінде түседі.

Бонустар неге әлі есептелмеді?
Бонустарды есептеу Janymda-дағы төлем немесе әрекет туралы ақпаратты алғаннан кейін 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Simply картасымен төлем жасағаны үшін бонустар қашан есептеледі?
Simply картасымен төлем жасағаны үшін бонустар 10 күнтізбелік күн ішінде түседі.

Simply картасымен төлем жасағаннан кейін бонустар есептелмесе не істеу керек?
Simply картасымен төлем жасағаны үшін бонустар 10 күнтізбелік күн ішінде түседі.

Бонустардың есептелу және есептен шығарылу тарихын қайдан көруге болады?
Janymda-дағы бонустар бөліміне кіріп, жоғарғы оң жақ бұрыштағы жебесі бар сағатты басыңыз. Сол жерден бүкіл тарихты таба аласыз.

Бонустарды қайда жұмсауға болады?
Бонустармен Janymda-дағы байланыс, саяхат, дәріханалардағы сатып алулар және басқа да қызметтерді төлеуге болады.

Бонустарды қалай жұмсауға болады?
Janymda-дан қызметті таңдап, төлем жасау кезінде бонустар жүгірткісін оңға жылжытыңыз. Егер қызметті бонустармен төлеуге болатын болса, олар автоматты түрде есептен шығарылады.

Неге бонустармен төлем жасау мүмкін болмай жатыр?
Алдымен таңдалған қызметті бонустармен төлеуге болатынын және төлем жасау кезінде бонустар жүгірткісінің қосылғанын тексеріңіз.

Бонустарды кез келген нәрсеге жұмсауға бола ма?
Бонустармен Janymda-дағы көптеген қызметтерді төлеуге болады, бірақ барлығын емес. Толық тізімді «Қалай жұмсауға болады» бөлімінен таба аласыз.

Бонустар қашан жойылады?
Бонустар есептелген сәттен бастап 180 күн бойы жарамды. Оларды жойылғанға дейін жұмсап үлгеру үшін Janymda-дан жарамдылық мерзімін бақылап отыруды кеңес береміз.

Бонустардың жарамдылық мерзімін ұзартуға бола ма?
Өкінішке қарай, бонустардың жарамдылық мерзімін ұзарту мүмкін емес. Оларды өзіңізге ұнайтын нәрсеге жұмсау үшін есептелген сәттен бастап 180 күніңіз бар.

Бағдарламаның толық шарттарымен қайдан танысуға болады?
Жаңа адалдық бағдарламасының барлық шарттарын «Бонустар» бөлімінен таба аласыз, ол үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы сұрақ белгісін басыңыз.

Бұрын бонустарды мобильді теңгерімге және электрондық әмиянға аудара алатынмын. Не өзгерді?
Мобильді теңгерімді бұрынғыдай бонустармен толықтыруға болады. Ол үшін «Аккаунт» бөліміне кіріп, теңгерім жанындағы «+» белгісін басыңыз және бонустармен төлеуді таңдаңыз.

Өкінішке қарай, электронды әмиянға аудару енді мүмкін емес. Бірақ бонустарды тікелей Janymda-да жұмсауға болады, әрі оларды пайдалану мүмкіндіктері көбейді: бонустармен байланыс қызметтерін, саяхатты, дәріхана тауарларын, тағамды және т.б. төлеуге болады.

Ойындардағы Coins ұпайларым қайда? Менде теңгерім болған!
Уайымдамаңыз, барлық Coins ұпайларыңыз сақталады. Біз оларды 1:1 бағамы бойынша автоматты түрде бонустарға аударамыз. Сіз ештеңе жоғалтпайсыз және жинақтарыңызды бұрынғыдай ойындарда пайдалана аласыз, сондай-ақ олармен Janymda-дағы басқа қызметтерді де төлей аласыз.

Енді ойынға арнап Coins ұпайларын сатып ала алмаймын ба?
Енді Coins ұпайларын бөлек сатып алудың қажеті жоқ: Janymda-да бірыңғай валюта — бонустар болады. Олармен ойындардағы сатып алуларды, сондай-ақ қосымшадағы басқа қызметтерді төлеуге болады.

Ал бұрын Coins ұпайларына сатып алған ойын атрибуттарын енді қалай сатып аламын?
Бәрі оңай! Ойыннан қажетті атрибутты таңдаңыз. Сатып алу кезінде төлем жасаудың ыңғайлы тәсілін, мысалы, мобильді теңгерімнен немесе бонустармен төлеуді таңдауға болатын терезе пайда болады. Сондай-ақ біз 20% кешбэк қайтарамыз.