Beeline мобильді байланыстың болашағына қадам жасап, Қазақстандағы спутниктік мобильді интернеті бар алғашқы тариф жоспарларын іске қосады:
• «Мега 5999»
• «Мега 9999»
• «Мега 12999»
• «Starlink Отбасы х2»
• «Starlink Отбасы х4»
• «Starlink Отбасы х6»
Енді қалада болмасаңыз да — мысалы, биік тауда, далада немесе шалғай трассаларда жақындарыңызбен байланыста болып, интернетті пайдалана аласыз!
Жаңа тарифтердің артықшылықтары:
• Starlink желісіндегі шексіз интернет* — 31.03.2027 дейінгі акция бойынша («Мега 5999» және «Мега 9999» тарифтерін қоспағанда);
• Тегін смартфон, Яндекс станция немесе басқа құрылғы — 28.10.2026 бастап келісімшарттық тарифті қосқан кезде (тариф жоспарларының сипаттамасын қараңыз);
• Үй интернеті тарифке бонус ретінде (тариф жоспарларының сипаттамасын қараңыз).
Қалай қосуға болады?
Өзіңізге ыңғайлы тарифті таңдау, толық шарттармен танысу және жаңа өнімдерге өту Janymda қосымшасында қолжетімді.
Жаңа технологиялық өнімдердің іске қосылуына байланысты келесі тарифтерге жаңадан қосылу жабылады:
• «Мега 7999»
• «Мега 11999»
• «Премиум Отбасы х2»
• «Премиум Отбасы х4»
• «Премиум Отбасы х6»
Жаңа тарифтердің бірін таңдап, қайда жүрсеңіз де, жақындарыңызға жақын болыңыз!
*Қазіргі уақытта Starlink спутниктік мобильді интернеті Android смартфондарында қолжетімді. iOS құрылғыларында бұл қызмет кейінірек пайда болады — ол туралы міндетті түрде хабарлаймыз.