2026 жылғы 1 қазаннан бастап WhatsApp-тағы «WhatsApp Beeline» қызметі толық тоқтатылды.
Біз бұрынғыдай тәулік бойы байланыстамыз. Жедел көмек алу, теңгерімді тексеру, тариф шарттарын білу немесе роумингке қатысты мәселелерді шешу үшін хабарлама арқылы бізге жүгіне аласыз. Ол үшін мына сервистерді пайдаланыңыз:
• Janymda мобильді қосымшасы. Мұнда қызметтер мен теңгерімді оңай басқарып, қолдау қызметімен тәулік бойы чат арқылы байланыса аласыз. Қосымшаны жүктеу: https://bee.gg/e/janymda_up
• Dana Telegram-боты. https://t.me/BeelineDanaBot сілтемесі арқылы өтіңіз немесе мессенджерден ботты іске қосыңыз. Енді клиенттерге қолдау көрсетуге арналған барлық мүмкіндік осы жерде қолжетімді.
• beeline.kz сайтындағы Dana чат-боты. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы чат белгішесін басыңыз.
• Beeline-ның басқа әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары. Оларға өту сілтемелері де сайттың төменгі оң жақ бұрышында орналасқан.
Сұрағыңызды телефон арқылы шешкен ыңғайлы болса, мобильді байланыс сұрақтары бойынша 116 нөміріне, ал «Үйдегі интернет» қызметі бойынша 3131 нөміріне қоңырау шала аласыз.