Артқа

«Нөмірді қорғау» қызметі қайта жұмыс істейді

04.11.2026

Біз «Нөмірді қорғау» тегін қызметінің жұмысын қайта жалғастырдық. Оны қайтадан қосуға болады.

Егер Сіз бұл қызметті бұрын пайдаланған болсаңыз, ештеңе істеудің қажеті жоқ, бәрі автоматты түрде қосылады. Қызметтің күйін Janymda қосымшасындағы «Қызметтер» бөлімінен тексере аласыз.

Еске сала кетейік, «Нөмірді қорғау» Сіздің нөміріңізді келісіміңізсіз басқа желіге көшіруден сақтауға көмектеседі. Егер біреу мұны істеуге тырысса, Beeline қызметкерлері жеке басыңызды растау және нөмірді шынымен көшіргіңіз келетінін тексеру үшін Сізбен байланысады.