Артқа

Жедел көмек қызметімен байланысу мүмкін болмай тұр ма?

02.11.2026

Қытайда өндірілген кейбір смартфонда 101, 102, 103 және 104 төтенше қызмет нөмірлерін терген кезде қоңырау автоматты түрде 112 бірыңғай шұғыл қызмет нөміріне бағытталуы мүмкін.

Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, нөмірлерді терудің балама тәсілін қолданыңыз:

9101 — өрт сөндіру қызметі;
9102 — полиция;
9103 — жедел медициналық жәрдем;
9104 — апаттық газ қызметі;
9112 — бірыңғай шұғыл көмек қызметі.

Қажетті нөмірдің алдына 9 цифрын қоссаңыз болғаны.

Назар аударыңыз: бұл кейбір смартфон үлгілерінің баптауларына байланысты. Ұялы байланыс операторы бұл баптауларды өзгерте алмайды.

Бұл нөмірлерді смартфоныңыздың телефон кітапшасына алдын ала сақтап қоюды ұсынамыз.