2023 жылғы 19 қыркүйектен бастап «Сенімді төлем" қызметі бойынша сұрау салудың ең жоғары сомасы 4000 теңгеге дейін, ал «Сенімді төлем 2» қызметі бойынша — 200 теңгеге дейін ұлғаяды.
Бұл не деген сөз?
Енді «Сенімді төлем» аясында Сіз Қазақстан аумағында бола отырып, 2000 теңгеге дейін және роумингте 4000 теңгеге дейін сұрай аласыз. Біз Сіздің теңгеріміңізге аудара алатын сома ай сайын мобильді қызметтерге қанша ақша жұмсайтыныңызға байланысты болады.
Ал егер «Сенімді төлем» қызметін пайдаланғаннан кейін Сізде әлі де қаражат жетіспейтін болса, «Сенімді төлем 2» сұрай аласыз және біз Сіздің теңгеріміңізді тағы 200 теңгеге толтырамыз.
Комиссиясы ше?
«Сенімді төлем» қызметі бойынша комиссия өзгеріссіз қалады — сұралған соманың 20%-ы. Ал «Сенімді төлем 2» қызметі бойынша 99 теңге болады.
Қызметтер туралы толығырақ ақпарат «Сенімді төлем» және «Сенімді төлем 2» парақшаларында.
Теңгеріміңізде әрқашан қаражат болсын деп тілейміз!