Әлеуметтік желілерде сөйлесу және ойындар Сізді нағыз жұлдызға айналдыра алады. Ол үшін тек мессенджер жұлдыздарын алу жеткілікті. Бұл Telegram-ның ішкі валютасы, оны сыйлауға, аударуға немесе пайдалануға болады. Бұл ойындардағы «алтынға» ұқсайды, бірақ «телегада».
Жақсы жаңалық: жұлдыздарды сатып алу үшін банк картасы қажет емес, себебі Сізде мобильді теңгерім бар!
Жұлдыздар не үшін қажет?
Телеграм-жұлдыздарын мини-ойындарда, онлайн курстарда, кітапханаларда және Telegram қосымшаларының ішінде пайдалануға болады.
Мысалы, Telegram-дағы ойынға арналған керемет мүмкіндік таптыңыз делік, әлде біреудің суреттерін, Telegram қосымшаларын сатып алғыңыз келді. Ойында рейтинг немесе лигаңызды көтеру үшін бонус қажет болуы мүмкін.
Жай ғана «Х жұлдыздарды ашу» түймесін басыңыз.
Егер жұлдызды әмияныңыз бос болса, жұлдыздарды сатып алу ұсынылады. Ал егер әмияныңызда жеткілікті сома болса, олар шоттан алынады, ал Сіз қалаған контентке қол жеткізесіз.
Жұлдыздар қанша тұрады?
Telegram жұлдыздарының номиналы мен құны Telegram қосымшасында көрсетілген.
Жұлдыздарды қалай сатып алуға болады?
AppStore және Google Play Market төлем жүйелері арқылы сатып алуға болады. Алдын ала мобильді теңгерімнен төлем жасауды таңдау қажет.
• Google Play арқылы:
Play Market/Google Play-ге кіріп, аккаунтыңызды ашыңыз, «Төлемдер мен жазылымдар» бөліміне кіріңіз, «Төлеу әдісі» — «Beeline байланыс операторын қосу» — «Қосу» түймесін басыңыз.
• AppStore арқылы: iPhone-да «Баптау» бөліміне өтіңіз, Apple ID-ге кіріңіз, «Төлем және жеткізілім» бөліміне кіріп, Add Payment Method түймесін басып, Beeline нөмірінен төлеу тәсілін таңдаңыз.
Төлем тәсілдерін кез келген уақытта қосуға, өзгертуге немесе жоюға болады.
Telegram жұлдыздарын қалай тексеруге болады?
Telegram қосымшасында әрқашан өз жұлдызды статусыңызды көре аласыз: «Баптау» — «Жұлдыз».
Сіздің жұлдыздарыңыз көп пе? 😊