Beeline Қазақстан клиенттеріне қашықтан видеоқызмет көрсету бетіне қош келдіңіз!

Енді кеңсеге бармай, операторға видеобайланыс арқылы қосылып, кеңес алуға болады.
Сервис тек мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ғана қолжетімді. Клиент міндетті түрде қоңырауға қосулы видеокамерамен қатысуы қажет. Түсіністік танытқаныңыз үшін рахмет 🙏
Видеобайланыс арқылы келесі қызметтерді алуға болады:
Замена SIM на eSIM
SIM-картаны ауыстыру
Нөмірді қайта ресімдеу
Нөмірді қалпына келтіру
Видеокеңеске қалай жазылуға болады?
1
Клиент немесе оның өкілі осы сайтта өтінім толтырады.
2
Біз хабарласып, видеоқоңырау үшін ыңғайлы уақыт жайлы келісеміз.
3
Белгіленген уақытта Zoom қоңырауына сілтеме арқылы қосыламыз. Сілтеме өтінімде көрсетілген нөмірге келеді.

Қоңырау қалай өтеді:

• Қоңырау барысында оператордың дауысы Сізге анық естілетініне, ал оператор Сізді көріп, еститініне көз жеткіземіз.

• Қашықтан сәйкестендіру жасаймыз: Сізге камераға жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет болады, сондай-ақ оператордың өтініші бойынша тікелей камераға қарау, басыңызды оңға және солға бұру қажет.

• Жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша барлық сұрақтарға жауап беріп, Сізге қажет қызметті көрсетеміз.

Өтінеміз, видеоқызмет өтінімін толтырыңыз

Біздің мамандар тәулік ішінде Сізге хабарласып, видеоқоңырау үшін ыңғайлы уақыт жайлы келіседі.

Мүгедектік санаты

Ресми құжаттарды тіркеу қажет. Жалған, қолдан жасалған немесе жарамсыз құжаттарды ұсыну өтінімнің қабылданбауына әкеледі. Құжаттардың скан/суреті жоғары сапада болуы тиіс, ақпарат анық көрінетін және кесілген бөліктерсіз болуы қажет.

Қызметті таңдаңыз