Егер SIM-карта смартфонда пайдаланылатын болса, «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатып, оған кіріңіз де, нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз
Қосымшаның басты бетіндегі қызыл хабарламаны басыңыз.
Қосымшаның басты бетіндегі қызыл хабарламаны басыңыз.
Растау кодын алып, оны қосымшадағы терезеге енгізіңіз.
Келісім мәтінімен танысыңыз. Растау үшін, «Қабылдау» пернесін басыңыз.
Жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды дайындап алыңыз. «Жалғастыру» пернесін басып, құжатыңызды сканерлеңіз.
Селфи жасауға дайындалыңыз. Соның арқасында құжаттың Сіздікі екенін түсінеміз.
Құжатыңыздың дұрыс сканерленгеніне көз жеткізіңіз. Егер бәрі дұрыс болса, «Деректерді растаңыз». Қате тапсаңыз, құжатты қайта сканерлеңіз.
Бітті! Нөмір тіркелді.
Егер SIM-карта қосымшаны орнататын мүмкіндігі жоқ телефонда қолданылатын болса, өзіңізге ыңғайлы әдістердің бірін пайдаланыңыз:
ҚР резиденттеріне:
*692# пәрменін теріп, ЖСН-іңізді жазыңыз немесе ЖСН көрсетілген SMS-хабарламаны 6914 нөміріне жіберіңіз.
ҚР бейрезиденттеріне:
Төлқұжат нөмірі көрсетілген SMS хабарламаны 6915 нөміріне жіберіңіз. Жүйенің қосымша деректерді (тегіңізді, атыңыз бен пошта мекенжайыңызды) сұрайтын жауабын күтіңіз. Тіркеуді аяқтау үшін, деректерді жіберіңіз.
Егер SIM-карта Wi-Fi роутерде қолданылатын болса:
• Смартфон немесе ноутбугіңізді Wi-Fi арқылы роутеруге қосыңыз.
• Браузердің мекенжай жолына келесіне жазыңыз: http://m.home/
• Кілт сөзді енгізіңіз: admin
• Ашылған басқару интерфейсінде SMS жіберу бөліміне өтіңіз. ЖСН-іңізді SMS арқылы 6914 нөміріне жіберіңіз. Шетел азаматтары төлқұжат нөмірін 6915 нөміріне жіберіп, қосымша сұрақтарға жауап беруі керек.