Басты бет / Біз туралы / Басшылық / Сергей Головань

Сергей Головань

ҚАЗЕВРОМОБАЙЛ ЖШС директоры

«Біз өнімімізге сенім артқан адамдардың сенімін құрметтейміз және ақтаймыз, әрі ең жақсы сенім — қайтарылған және көбейтілген қаражатпен расталған сенім екенін ұмытпаймыз».

 

Сергей банк саласындағы мол тәжірибесімен Beeline Қазақстандағы мансабын 2019 жылдың қыркүйегінде бастады. Мобильді қаржы сервистері (МҚС) директоры ретінде ол ең алдымен сарапшылар тобын жинады — бұл команда Beeline-дағы МҚС-тың барлық кейінгі жетістігінің негізі болды.

2021 жылы Сергей командасымен бірге Simply цифрлы картасын іске қосты. Beeline Қазақстанның транзакциялық бизнесінің еншілес бөлімшесі ретінде «ҚАЗЕВРОМОБАЙЛ» компаниясы Орталық Азиядағы Visa төлем жүйесіне қосылған алғашқы банктік емес ұйым болды. 2024 жылдың соңына қарай Simply цифрлы картасын — ыңғайлы аударымдарды, тиімді сатып алуды және жанаспай төлеуді 8 миллионнан астам қазақстандық пайдаланып отыр. Бұл бірегей әрі ауқымды жобаны жүзеге асырғаны үшін Сергейдің командасы 2021 жылы Visa компаниясынан үш марапат, 2022 жылы «Үздік финтех» номинациясын, 2023 жылы Финтех-авангард, жазылымдарды басқару мен Request to pay қызметтерін іске қосқаны үшін VEON Ignite халықаралық марапатын, ал 2024 жылы финтех-инновацияларды дамытқаны үшін марапат алды.

Beeline мен МҚС-ты дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі — осы бағыттың жеке «ҚАЗЕВРОМОБАЙЛ» компаниясына айналуы болды, трансформация, яғни «карваут», 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. Қазір Сергейдің командасында 120-дан астам адам жұмыс істейді (ал 2019 жылдың қыркүйегінде небәрі 10 адам болған), олар мобильді қаржы жүйелерін дамытуға атсалысуда. Солардың арқасында пайдаланушыларға мобильді баланстан түрлі қызметтерге төлем жасау, «Сенімді төлем» қызметі және қоғамдық көлікте жолақы төлеу мүмкіндігі қолжетімді болды — бұл функция бүкіл ел бойынша сәтті іске асырылды.

Сергей еңбек жолын 2000-жылдардың басында карточкалық және транзакциялық бизнесті дамытудың негізін қалаушылардың бірі болып, банк саласында бастады. Ол Украинадағы «Крещатик» банкі мен Грециядағы Alpha Bank банктерінде транзакциялық департаменттерді басқарды. Украина Ұлттық банкінде төлем нарығын дамытушы жұмыс тобының мүшесі болды — онда ол төлем заңнамасын әзірлеумен және оны Еуроодақ талаптарына бейімдеумен айналысты. 2013 жылдан бастап Украинадағы FIDOBANK банкінде «Инновациялар жөніндегі Басқарма Төрағасының кеңесшісі» қызметін атқарды, кейін банк транзакциялық бизнесін PAYFORCE атты жеке компанияға айналдырып, оның тең құрылтайшысы және операциялық директоры болды.

Мақалалар:

Vlast.kz: Мобильді операторларға арналған финтех. Сергей Голованьмен сұхбат, Beeline Kazakhstan

Forbes.kz: Қазақстан банктерін Beeline қалай алаңдатады