Алексей Шаравар
Өзгерістер мен ақпараттық технологиялар директоры
Біз жергілікті дарындарды белсенді қолдаймыз, ақшаны елімізде қалдыра отырып және жергілікті ІТ-қауымдастықта құзыретін арттыра отырып, оларға инвестиция саламыз
Алексей меншікті өнімдер мен жүйелерді, data science пен киберқауіпсіздікті әзірлеумен және дамытумен айналысатын, өзгерістер және IT блогын басқарады. 2018 жылы оның Beeline-ға қосылуымен вендорлық шешімдерден бас тарту және жергілікті IT-сараптаманы жетілдіру процесі басталды. Нәтижесінде, 2023 жылға қарай, компания қызметкерлері қолданатын шешімдердің басым бөлігі in-house жасалды.
Алексей командасымен бірге компанияның ішкі өнімдерін және жүйелерін жақсартумен айналысады. Осы уақыт ішінде жүздеген бизнес-процесс роботтандырылып, жұмыс жылдамдығы айтарлықтай артты және компания шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Алексейдің командасы Big Data және IoT технологияларын қолдана отырып, В2В шешімдерді әзірлейді.
It-блок қызметкерлерінің санының артуы және сараптаманың өсуі Beeline-да өзінің бейінді қоғамдастығының пайда болуына әкелді және компания жылына бір рет Қазақстанның түкпір-түкпірінен BeeTech Conf-ке маман жинайды. BeeTech Conf - инженерлерге, әзірлеушілерге, өнім менеджерлеріне және басқа да dev-мамандарға арналған конференция.
Beeline-ға ауысқанға дейін Алексей Украинаның қаржылық қызметтерінің ең ірі онлайн-платформасы Treeum-да екі жыл операциялық директор болып жұмыс істеді. Оған дейін VTB Банкте стратегиялық жобалар директоры болған, онда ол операциялық тиімділікке, Lean Six Sigma пен шығындарды азайтуға, M&А, стратегияларға және өнімді әзірлеуге қатысты бірқатар жобаланы жүзеге асырды.
Мақалалар:
DigitalBusiness: Цифрлы экожүйені дамыту, процестерді роботтандыру және АТ-мамандар үшін бәсекелестік туралы
Profit: Beeline Қазақстанның өз жасақтамаларына қалай ауысатыны туралы
Kapital.kz: «Менің Beeline-ым» қосымшасын қолданушылар санының өсуі, танымал сервистер және қосымшаны дамыту туралы
Tribune: О Demo day и продуктах, которые развивает компания
WeProject: Алексейдің қызмет жолында өсуге қатысты кеңестері