Меншікті магистральды провайдер — TNS-Plus
TNS-Plus — оператор нарығындағы (В2О) телекоммуникациялар: интернетке қосылу, байланыс арналарын жалдау және дауыстық трафикті өктізу, IPVPN-желілерді ұйымдастыру, қалааралық және халықаралық байланыс арналарын ұсыну, халықаралық транзит және Қазақстан аумағындағы айқын цифрлы арналар.
Неге біз
Біз қызметтері құны мен сапасы жағынан оңтайлы теңестірілген сенімді серіктеспіз. Байланыс операторларымен және кең таралған өңірлік желісі бар корпоративті клиенттермен жұмыс істейміз.
Біздің артқышылығымыз — жылдамдық:
- ақпаратты жіберуде,
- шешімқабылдауда,
- жобаларды жүзеге асыруда.
Компания 1994 жылы Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген. Коммерциялық қызметін 1995 жылдан бері жүргізіп келеді.
2005 жылы қалаларалық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсетуге лицензия алдық.
2007 жылы Алматыға Халықаралық коммутация орталығын (ХКО) орнаттық, 2008 жылы ақпанда оны өнеркәсіптік пайдалану мақсатында ісуе қостық.
2008 жылы Астанада халықаралық байланыс торабының резервін алып, сынақтан өткіздік те, 2009 жылы қыркүйекте екінші ХКО-ны өнеркәсіптік пайдалану мақсатында ісуе қостық. Біздің бірінші клиенттеріміз «КаР-Тел», Sky Mobile, 2Day Telecom болды. «Совинтел», «КТТК» тәрізді қалааралық және халықаралық байланыс операторлары, содан соң SMARTNET, Smart Unicom, «Базис Телеком», Intermodul Telecom жәе басқа да жергілікті байланыс операторлары қосылды.
2009 жылдың соңында Алматы мен Астанадағы ХКО-ның бағдарламалық жасақтамасын жаңарттық, ол өндірушінің күшімен және қаражатымен коммутаторларға толық функционалды сервистік қолдау көрсетеді.
2 жылда, 2009 -20100 жылдары, Қордай аумағында – Қырғыз шекарасында TNS-Plus желісін «Sky Mobile» ЖШҚ желісімен және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей шекараларында халықаралық байланыс операторларының желісімен жалғап, байланыс арналарын жалға беруге лицензия алдық, халықаралық байланыс тораптарының бағдарламалық жасақтамаларын жаңартып, өңірлік және халықаралық байланыс операторларымен арадағы байланысты кеңейттік.
Қазір байланыстың біз салған талшықты-оптикалық магистральді желісінің ұзындығы 14 150 км, Қазақстанның барлық өңірін қамтыған. РФ, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай операторларымен 25 трансшекаралық өткел ұйымдастырдық.
Біздің магистральді көлік желіміз SDH/DWDM және IP/MPLS технологиясы негізінде салынған, қамту кеңдігі мен тұтынушыларының көптігі жағынан оның келешегі зор. Қазіргі желінің өткізу мүмкіндігі 80х100 Gbps дейін, IP/MPLS желісі ядросының сыйымдылығы — 300 Gbps. Арнадағы жылдамдығы 200 Gbps, 300 Gbps, 400 Gbps және одан жоғары жаңа DWDM буынының желісі тартылып жатыр.
Қарағандыда және Алматыда халықаралық дауыстық трафикті өткізу қызметтерін ұсынатын екі халықаралық коммутация орталығымыз бар.
Интернетке қосылу қызметтерін кеңейту үшін, Internet CORE (трафикті бағыттаушы бас торап) салдық: қазақстандық операторларға Алматыда, Қарағандыда және Ақтөбеде, шетелдіктерге — Шымкент пен Алматыда шекаралық бағыттауыштар орнаттық.