Басты бет / Біз туралы / «КаР-Тел» ЖШС-нің құжаттары / Бұқаралық Келісімшартке қосылу кезіндегі келісім

Интернетке қосылу қызметтерін қосуға Өтінім беру кезінде дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісу

Мен ұсынған ЖСН және «КаР-Тел» ЖШС-на (БСН 980540000397) Жеке тұлғаларды Интернетке қосу қызметтерін қосу өтінімін жасау үшін берген басқа да дерек дұрыс. Интернетке қосу қызметтерін көрсетуге өтінім жасау кезінде өзімнің дербес деректерімді бере отырып, мен «КаР-Тел» ЖШС-нің абоненттердің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты саясатына келісетінімді білдіремін және заңнаманың, аталған Саясаттың және Абоненттердің дербес деректерінің тізбесінің талаптарымен «КаР-Тел» ЖШС жинайтын дербес деректерді жинауға, өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға және дербес деректерімді трансшекаралық беруге рұқсат беремін.

Дербес деректерді жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде тарату көзделмейді.

Сондай-ақ, дербес деректерімді «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан келесідей мақсаттар үшін алуға болатынына келісетінімді растаймын:
•    абонентті сәйкестендіру;
•    «КаР-Тел» ЖШС жүйелеріне абоненттің дербес деректерін толтыру және дұрыс енгізу процесін автоматтандыру.

Дербес деректерімді өңдеуге келіспеген жағдайда, қызметтер толық көлемде көрсетіле алмайтыны маған ескертілді.

Сондай-ақ қызметті алу үшін тек өз атымнан өтініш беріп, өз ЖСН-імді ұсынуым қажет екені маған ескертілді. Оператор дербес деректерімді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып өңдеуге құқылы.

Келісім Интернетке қосу қызметтерін көрсетуге өтінім жасау кезінде дербес деректерді берген күннен бастап күшіне енеді және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа жағдай қарастырыламаса, дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына қажет мерзім ішінде қолданылады.