Басты бет / Біз туралы / «КаР-Тел» ЖШС-нің құжаттары / Бұқаралық Келісімшартке қосылу кезіндегі келісім

«КаР-Тел» ЖШС абоненттерінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты саясаты

          «КаР-Тел» ЖШС компаниясы (бұдан әрі – компания) өздеріңіздің дербес деректеріңізді ұсына отырып, бізге артқан сеніміңізді бағалайды және оларды қорғау үшін техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық сипаттағы барлық қажетті шараларды қабылдайды. Біз қандай дербес деректерді жинайтынымызды, оларды қалай өңдейтінімізді және қалай қорғайтынымызды білу үшін компанияның абоненттердің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты осы Саясатымен (бұдан әрі – Саясат) зейін қойып танысыңыз.

          Компания туралы ақпарат

          «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 980540000397, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Қ. Жалайыри көшесі, 2 үй, телефоны: 8 (727) 350 06 06, компанияның сайты: www.beeline.kz.

          Жалпы қағидалар

          Біз осы Саясатты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес әзірледік.
          Саясатта біз келісім алу әдістерін, жиналатын дербес деректердің тізілімін, оларды жинау және өңдеу мақсаттарын, компания мен абоненттердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ сіздің дербес деректеріңізді қорғау үшін біз қабылдайтын шаралардың тізілімін ашамыз.
          Саясат абоненттердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша компания қызметінің негіздерін декларациялайтын жалпы қолжетімді құжат болып табылады. Саясат қызмет көрсету және сату кеңселерінде және компанияның сайтында танысу үшін қолжетімді.
          Компанияның иелігіндегі сіздің дербес деректеріңіз құпия ақпарат болып мойындалады. Біз сіздің деректеріңізді қорғау бойынша ішкі ережелерді әзірледік және үнемі өзектендіреміз, және біздің жұмыскерлеріміздің осы ережелерді тиісті түрде ұстануын бақылаймыз. Компанияның әр жұмыскері құпия ақпаратты таратпау туралы міндеттемеге қол қояды, бұл ақпаратқа қолжетімдік өзінің атқарымдық міндеттемелерін орындау үшін қажет.

          Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу

          Біз сіздің келісіміңізбен қолжетімдік шектеулі сіздің дербес деректеріңізді жинаймыз және өңдейміз.
          Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес компания абоненттерге байланыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес жасасу тәртібі мен талаптары анықталған шарттар болған кезде компания абоненттерге қызметтер көрсетеді. Қызметтер көрсету туралы шарттар жария шарттар болып табылады және компанияның кеңселері, сайтында, компанияның ұялы қосымшасында танысу үшін қолжетімді.
          Байланыс қызметтерін және онымен байланысты өзге қызметтерін көрсету талаптары шарттарда анықталады. Шарттарды жасасу аталған шарттардың ажырамас бөлігі болып табылатын тіркеу нысанын немесе өтінімді байланыстыру, толтыру және қол қою арқылы жүргізіледі (абонент таңдаған қызметтің түріне байланысты).
          Тіркеу нысаны мен өтінімде дербес деректерді жинауға және өңдеуге деген келісімнен тұрады. Оларға қол қою арқылы Сіз қызметтерді алу кезінде бізге өз бетіңізше ұсынатын және шарт бойынша қызметті көрсету барысында компания үшін қолжетімді болатын дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бересіз.
          Дербес деректерді жинауға және өңдеуге деген келісімді абонентке сондай-ақ компанияның сайтында, компанияның ұялы қосымшасы арқылы, жеке кабинет арқылы, электрондық құжаттың көмегімен, электрондық хабарлама арқылы немесе компанияның анықтамалық қызметіне жүгінген кезде ауызша айтылған дербес деректер арқылы ұсынылуы мүмкін.

          Жиналатын дербес деректердің тізілімі

          Осы Саясат шартқа қосылған кезде Сіз ұсынатын, жеке кабинетте толтыратын, компанияның сайттарында, компанияның ұялы қосымшасында, қызметтерді ұсынған кезде компания алатын барлық дербес деректерге таралады.
          Компания шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін жинайтын және пайдаланатын дербес деректердің тізілімімен Сіз компанияның сайтында таныса аласыз.
          Қызметтерді көрсету үшін компания жинайтын дербес деректердің тізілімі тиісті шарттарды жасасу үшін минималды қажет болып табылады және абоненттерге осы деректерді міндетті ұсыну жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталды.
          Осы Саясат үшінші тұлғаларға тиесілі ақпараттық ресурстарда жиналған немесе Сіз біздің байланыс желілерімізді пайдалану арқылы әлдекімге өз бетіңізше ұсынатын ақпаратқа таралмайды. Үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстарының дербес деректерді қорғау бойынша өзіндік саясаты болуы мүмкін. Үшінші тұлғалар компанияның қызметтерін пайдалану арқылы жіберген нашар мазмұндағы қысқа мәтіндік немесе өзге хабарламаларды абоненттердің алғаны үшін компания жауапкершілік тартпайды. Үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстарын пайдалануды бастамас бұрын және оларға дербес деректерді таратпас бұрын осы ресурстардың құпиялылық саясаттарын зейін қойып зерделеуіңізге және өзіңіздің дербес деректеріңізді таратқан кезде абай болуыңызға кеңес береміз. 
          Сіз компаниядағы өзіңіздің дербес деректеріңізді, дербес деректерді өңдеу мақсаттарын, дереккөздерін, жинау және өңдеу тәсілдерін, оларды өңдеу және сақтау мерзімдерін компаниядан сұрата аласыз. Сұрату абоненттерге қызмет көрсету кеңселерінде жазбаша өтінімді беру арқылы жүргізіледі. 
          Сіздің бізде бар дербес деректеріңізді өзгерту Сіздің деректеріңізді өзгертуді растайтын құжаттарды ұсыну арқылы Сіздің жазбаша өтініміңіз бойынша жүргізіледі.

          Дербес деректерді өңдеу және жинау мақсаттары

          Біз абонентпен арада жасалған шартқа сәйкес өз қызметтерімізді көрсету, компанияның серіктестері мен компания өкілдерінің қызметтерін көрсету, соның ішінде компания үшінші тұлғаларға көрсететін және компанияға үшінші тұлғалар көрсететін қызметтерді, конвергенттік қызметтерді көрсету, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, қызметті көрсету, маркетингтік белсенділіктерді жүргізу, жаңа қызметтер мен өнімдерді әзірлеу және ұсыну, абоненттер мен пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтердің шарттарын және қызмет көрсету тәртібін өзгерту, компания мен абоненттерді компанияның қызметтерін пайдаланумен байланысты алаяқтық әрекеттерден қорғау, мемлекеттік органдарға фискальдық есепті ұсыну, дебиторлық берешекті өндіріп алу, сондай-ақ абоненттер мен пайдаланушылардың сайыстарға және жарнамалық науқандарға қатысуы, компания мен үшінші тұлғалардың қолданыстағы заңда белгіленген құқықтар мен міндеттерді іске асыруы мақсатында дербес деректерді жинаймыз және өңдейміз.

          Абоненттің дербес деректерді жинауға және өңдеу келісімін қайтарып алу

          Сіз компанияға ұсынған дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге берген келісіміңізді қайтарып ала аласыз. Алайда, біз дауыстық байланыс, жедел қызметтерді шақыру және СМС тарату қызметтерінен тұратын негізгі қызмет түрлерін көрсету үшін бізге Сіздің дербес деректеріңіз қажет екенін ескеріңіз. Бұл жағдайда Сіздің өз келісіміңізді қайтарып алуыңыз компанияның және оның серіктестерінің кейбір немесе барлық қызметтерін көрсетуді тоқтатуға әкеп соғуы мүмкін.
          Келісімді қайтарып алу үшін Сізге компанияның сату және қызмет көрсету бөлімдеріне жүгіну және жазбаша арыз беру қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс.
          Сіздің тарапыңыздан компанияның алдында орындалмаған міндеттеріңіз немесе өзге заңнамалық шектеулер болған жағдайда дербес деректерді жинауға және өңдеуге деген келісім қайтарып алына алмайды.
          Сіз қосымша қызмет түрлерін көрсету үшін қажет дербес деректерді жинауға және өңдеуге деген келісіміңізді қайтарып ала аласыз. Бұл жағдайда қайтарып алынатын дербес деректермен байланысты қызметтер ғана сөндірілетін болады.
          Қосымша қызметтерді қайта қосу компанияның сату және қызмет көрсету кеңселерінде жазбаша арыз беруді талап етуі мүмкін, сондай-ақ дербес деректерді жинау және өңдеу үшін сіздің келісіміңізді талап етуі мүмкін.

          Дербес деректерді сақтау мерзімдері

          Біз сіздің дербес деректеріңізді, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізуі қажет кезеңнің соңында сақтаймыз.
          Өңдеу мақсаттарына жеткеннен кейін сіздің дербес деректеріңіз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылуы немесе тұлғасыздандырылуы тиіс.

          Компания дербес деректерді қорғау бойынша қабылдайтын
шаралар


          Сіздің дербес деректеріңізге қолжетімдік өзінің атқарымдық міндеттерін орындау үшін осы деректер қажет компанияның жұмыскерлеріне ғана беріледі.
          Біздің барлық жұмыскерлеріміз құпия ақпаратты таратпау туралы міндеттемеге қол қояды, сондай-ақ осы абоненттердің дербес деректерін қорғау жөніндегі талаптарды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы хабардар.
          Сіздің дербес деректеріңіз ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сай келетін электрондық базаларда сақталады.

          Дербес деректерді үшінші тұлғаларға тарату

          Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарын іске асыру үшін біз Сіздің дербес деректеріңізді өзіміздің серіктестерімізге табыстай аламыз, соның ішінде трансшекаралық түрде табыстай аламыз. Дербес деректерді серіктестерге табыстау табысталатын дербес деректердің заңдылығы және құпиялылығы қағидаларына негізделеді. Әр серіктеспен абоненттердің дербес деректерін және өзге құпия ақпаратты таратпау туралы шарт жасасады. Серіктеспен арадағы шартта біз абоненттердің дербес деректерінің олардың келісімінсіз немесе өзге заңды негіздемесіз таралуына жол бермеу жөніндегі талаптар қарастырылады.

          Дербес деректерді молайту және бейіндеу

          Біз Сіздің дербес деректеріңізді Сізден қосымша ақпарат сұрату арқылы немесе ашық дереккөздерден, мысалы, әлеуметтік желілердегі жалпы қолжетімді аккаунттардан, сондай-ақ компанияда шарттық қарым-қатынастар орнаған үшінші тұлғалардан ақпарат алу арқылы толықтыра немесе нақтыландыра аламыз.
          Дербес деректерді молайту және бейіндеу осы Саясатта көрсетілгендей, оларды жинау және өңдеу мақсаттарында жүргізіледі және бізге Сіз үшін қызықты әрі тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

          Саясатты өзгерту

          Компания осы Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы. Саясаттың жаңа басылымы оны компанияның сайтына жариялаған сәтте күшіне енеді, егер Саясаттың жаңа басылымында өзгеше қарастырылмаса. Біз осы Саясаттың өзектілігін жүйелі түрде тексеруге кеңес береміз. Саясат өзгергеннен кейін компанияның қызметтерін пайдалануды жалғастыра отырып, Сіз енгізілген өзгерістермен келісетіндігіңізді растайсыз.