Басты бет / Запасной баланс

Қосалқы теңгерім

Сенің «Б жоспарың»
 

Теңгерімді уақытында толтырып үлгермедіңіз бе, енді ең қажет сәтте байланыссыз қалу қаупі бар ма?

«Қосалқы теңгерім» қызметін бір рет қосыңыз болды, қосымша қаражатты кез келген уақытта комиссиясыз қолдануға болады!

Қызмет туралы

Қызмет теңгерімге қосымша қаражат береді, мерзімі 14 күнге дейін.

Қосалқы теңгерім сомасы 1500 тенге.

Теңгерімдегі қаражат, мобильді қызметтің біржолғы топтамадан басқа кез келген түріне, соның ішінде абоненттік төлемге жетпей қалғанда, қосалқы теңгерімді жұмсауға болады.
«Қосалқы теңгерім» қосылып тұрғанда, қосалқы қаражатты нақты ақша түрінде алу және «Сенімді төлем» қызметін қолдану мүмкін емес.

Қанша тұрады

Қосу – ТЕГІН

Қосымша қаражатты қолдануға КОМИССИЯ ЖОҚ.

Науқан 30.04.2020 жылға дейін әрекет етеді.

Қызметті қосу және өшіру

Қызметті өшіру: *669*0#

Қарызды қайтарған соң, қызметті өшіріп, қайта қосудың қажеті жоқ. Теңгерімде қаражат жетпейтін кезде, қаражат өздігінен беріледі.

Қосымша ақпарат

Қарызды 14 күнде қайтару керек, содан соң қайтадан толық соманы алуға болады.

Егер қызметті қолдануды бастаған сәттен 14 күн өткенше қарыз қайтарылмаса, байланыстың кіріс қоңыраулары мен SMS-тен басқа қызметі бұғатталады. Бұғаттан босату үшін қарызды қайтару керек.