«Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тарифтеріне қосылған қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тегін байланыспен қамтамасыз етілді. Вирус жұқтыру қаупі жоғары елдерде жүрген барлық отандасымызға роумингте тегін минуттар мен ГБ аударылды. Карантин кезінде қашықтан оқуға және жұмыс істеуге арналған интернет-сервистер Beeline-ның барлық клиентіне шексіз. Клиенттерін қолдау үшін, Beeline Қазақстан барлық күшін жұмсайды және жаңа, пайдалы сервистер ме жағдайлар ұсынады.
Медицина қызметкерлері Beeline-нан тегін байланыс алады. Қазір осы мәселе бойынша денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз.
Одан бөлек, Beeline үшін қызметкерлерінің денсаулығы ең негізгі мәселе. Біз үш жылдан бері қашықтан жұмыс істеу және икемді жұмыс кестесі бағдарламасын қолданып келеміз. Шын мәнінде, қазір бағдарлама шарттары кеңейтілді және аптасына бір-екі күннің орнына қызметкерлер кеңсеге келмей-ақ өз міндеттерін қашықтан орындай алады. Ең бастысы, осы шаралар еңбек ақыға әсер етпейді. Қызмет көрсету кеңселерінде де дәл осылай істедік. Beeline-ның барлық орталығы жұмысын тоқтатты, бірақ қызметкерлеріміздің ешқайсы жұмыссыз қалған жоқ. Клиенттермен қарым-қатынас жасайтын ресурстарымызды қашықтан жұмыс істеуге көшірдік. Нәтижесінде, колл-орталығының штаты екі есе өсті. Бұл – өтініштерді жедел өңдеуге мүмкіндік береді.
Елімізге және бүкіл әлемге қиын сәтте Beeline, клиенттері жақындарымен байланысын үзбеуі үшін және өз міндеттерін қашықтан атқара алуы үшін, қолынан келгеннің бәрін жасайды. Коронавирус ауыздықталатынына және жуырда өмір өз арнасына түсетініне сенеміз.