Басты бет / Роуминг / Роуминг бақылануда!

Бизнес Виза S

Шексіз интернет

ТМД және алыс шетелде  2000 тг күніне.

Интернетті қолдануды бастасаңыз болды, шексіз интернет өздігінен қосылады. Алғашқы 400 МБ ең жоғары жылдамдықпен беріледі, ары қарай күн біткенше, жылдамдық 128 Кбит/сек. 0тг/МБ. Бұл жылдамдық хабарлама алмасуға арналған WhatsApp, Telegram және тағы сол сияқты қосымшаларды еркін қолдануға жетеді.
Қосымша топтама сатып алып, күннің соңына дейін жылдамдықты қалпына келтіруге болады (төм. қараңыз).

Қоңырау соғу

ТМД және алыс шетелде 40 минут 2000 тг күніне. Топтама сыртындағы құн – 70 тг/мин.

Минуттар топтамасы ҚР мен барған еліңізден келген барлық қоңырауға және қоңырау соғуға жұмсалады.

Роуминг тарифтері туралы толық ақпарат

Тарифтер әдепкі тариф және өздігінен әрекет етеді. Роуминг компанияңыздың атынан жазылған өтініш негізінде қосылады.

Шексіз интернет күніне бірінші рет интернетке шыққанда, ал минуттар бірінші рет қоңырау қабылдағанда немесе шалғанда қосылады.

Егер роумингте қоңырауды немесе интернетті қолданбасаңыз, топтамалардың құны ұсталмайды.

Шексіз интернет пен минуттар топтамасы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша күннің соңына дейін әрекет етеді де, келесі күнге көшірілмейді. Келесі күні интернетке алғаш шыққанда немесе бірінші қоңырау кезінде тиісті топтама қайта беріледі.

SMS жіберу құны
ТМД және алыс шетелде  - 70 тг/SMS.
Келген барлық SMS тегін.

Роумингтен халықааралық бағытқа қоңырау соғу құны – 1050 тг/мин. (барған еліңізден немесе ҚР-нан басқа елге қоңырау шалғанда).

Роумингте интернетті дөңгелектеу адымы 10 КБ.

Әрекет ететін елдер

ТМД елдері және алыс шетел: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Австралия, Австрия, Албания, Алжир, Ангилья, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Ауғанстан, Бангладеш, Барбадос, Бельгия, Болгария, Босния мен Герцеговина, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Гаити, Германия, Гонконг, Гренада, Греция, Дания, Доминика, Доминикан Республикасы, Египет, Израиль, Үндістан, Индонезия, Иордания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Кайманов аралдары, Камбоджа, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Коста Рика, Кьюрасао, Лаос, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Макао, Македония, Малайзия, Мальдив аралдары, Мальта, Мексика, Монако, Моңғолия, Мьянма, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Пәкістан, Панама, Папуа-Жаңа Гвинея, Перу, Польша, Португалия, Пуэрто-Рико, Румыния, Самоа, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сент-Винсент және Гренадины, Сент-Китс пен Невис, Сент-Люсия, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Таиланд, Тайвань, Танзания, Теркс және Кайкос, Тринидад және Тобаго, Түркия, Фиджи, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония, ОАР, Оңтүстік Корея, Жамайка, Жапония.

*Қырымда жеңілдіктер жоқ. Теңіз, әуе кемелері мен жерсерік желілеріндегі роуминг жеке тарифтер бойынша есептеледі.

Егер жоғары жылдамдықтағы 400 МБ жетпесе

Күні бойы 400 МБ-тан асқан соң және жылдамдық 128 Кбит/сек-ке дейін төмендегеннен кейін, тәулік соңына дейін тағы 1000 теңгеге жоғары жылдамдықтағы 150 МБ сатып алуға болады, қосу пәрмені: *120*2#

Басқа елдердегі роуминг

Аса таныла қоймағандықтан және операторларының тарифтері қымбат болғандықтан роуминг қызметтерінің құны басқа бағыттардан өзгеше болады.

Қоңырау соғу – 1050 тг/мин. SMS – 120 тг/дана. Интернет – 4200 тг/МБ.