Жиі қойылатын сұрақтар

Бұрын қолданылған құрылғыны сатып алғанда қалай тіркеу керек?

Егер бұрын қолданылған құрылғы сатып алмақ болсаңыз, құрылғының тіркеуден шыққанын немесе шықпағанын міндетті түрде сұрап біліңіз. Ол үшін imei.rfs.gov.kz ресурсында құрылғыны тіркеу мүмкіндігін тексеріңіз. Егер құрылғы тіркелмеген болса, жаңа құрылғыны тіркеудің әдепкі жолымен *691# (ҚР резиденттеріне), *693# (ҚР бейрезиденттеріне) пәрмені арқылы немесе  imei.beeline.kz сайтында тіркеңіз. Егер құрылғы тіркелген болса, және бұрынғы иесінің ЖСН\БСН-і мен абоненттік нөмірін білмесеңіз, ондай құрылғыны сатып алмауға кеңес береміз.

Егер SIM-карта басқа тұлғаға тіркелген болса, нөмірді қалай қайта тіркеуге болады?

Қайта тіркеу үшін, нөмірдің бұрынғы иесімен бірге Beeline кеңсесіне келу керек. Егер нөмірдің кімге тіркелгенін білмейтін болсаңыз, Beeline кеңсесіне келіп, келесі шарттар бойынша тексеруден өтуіңіз керек: а) жиі қоңырау шалынатын нөмірлерді көрсетіңіз; б) теңгерім толтырылған екі соманы айтыңыз; в) SIM-карта қолыңызда болуы керек. 
Жақын маңдағы Beeline кеңсесін картадан іздеңіз: https://new.beeline.kz/kk/map

Қандай жағдайда нөмірді қайта тіркеуден бас тартуы мүмкін?

Егер нөмір әуел баста дұрыс тіркелсе, егер бұрын SIM-карта сату және қызмет көрсету кеңселерінде ауыстырылса, егер нөмір арнаулы "Әлеуметтік, Әлеуметтік+, Серіктес, Дилер, Керемет, Хабарлама" тариф жоспарларына қосылған болса, егер жоғалғанына\ұрланғанына байланысты Колл-орталығына қоңырау шалу арқылы бұғатталса, егер нөмір әдемі нөмірлер санатынан болса (VIP, алтын, платина т.с.с.), егер нөмір корпоративті топқа тиесілі болса

Қандай жағдайда құрылғыны тіркеуден бас тартуы мүмкін?

"Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу ережелері" бойынша, ІМЕІ кодтардың орталық дерекқорында басқа тұлғаға (басқа ЖСН-ге) тіркелген осындай сәйкестендіру коды болса немесе егер нөмір басқа тұлғаға тіркелген болса, оператор абоненттік құрылғыны тіркеуден бас тартады

Екі SIM-карталы құрылғы болса, қалай тіркеуге болады?

Екі SIM-карталы құрылғының екі ІМЕІ коды болады, екеуінде тіркеу керек. 
Егер екі SIM-карталы құрылғыда бір абоненттік нөмір қолданылатын болса, екі ІМЕІ-ді сол нөміріңізге тіркей аласыз. Тіркеу үшін, SIM-картаны әр ұяшыққа салып, *691*1*1#  пәрменін теру керек немесе imei.beeline.kz сайтында тіркеу қажет.  
Егер екі SIM-карталы құрылғыда әртүрлі екі нөмір қолданылатын болса, қолданыстағы нөмірге қарай, екі ІМЕІ *691*1*1#  пәрмені арқылы немесе imei.beeline.kz сайтында тіркелуі керек. 

Нөмірді басқа ұялы байланыс операторының желісіне ауыстырғанда (MNP) құрылғыны қайта тіркеу керек пе?

Нөмірді басқа оператордың желісіне ауыстырғанда, абоненттік нөмір өзгермейді. Егер ауыстырғанға дейін қолданылған құрылғы қолданыла беретін болса және абоненттік нөмірдің тіркеу деректері өзгермесе, құрылғыны қайта тіркеу қажет емес. 

Егер байланыс жоғалып кетсе (байланыс қызметтері жоғалып кетсе) не істеу керек?

Бірінші, нөмірдің өз атыңызға ресімделгеніне және тіркеу кезінде ЖСН дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін *835# USSD пәрменін теріңіз. Егер нөмір қате тіркелсе, нөмірді қайта тіркеңіз. 
Екінші, imei.rfs.gov.kz ресрурсынан құрылғының дұрыс тіркелгеніне көз жеткізіңіз. Егер құрылғы қате ітркелген болса, құрылғыны қайта тіркеңіз