2023 жылғы 16 наурыздан бастап «Жарқын 3990» тарифіндегі шексіз видео, әл.желілер мен мессенджерлер акциясының шарттары өзгереді.
Өзгерістермен танысуыңызды өтінеміз:
- Видео, әлеуметтік желі және мессенджерлерге акциямен берілетін шексіз трафиктің орнына көрсетілген күннен бастап 15.07.23 дейін ай сайын 25 ГБ интернет-топтама беріледі.
- 25 ГБ YouTube, YouTube Kids, Twitch, Instagram, TikTok, Facebook, Twitter, VKontakte, Tinder, Odnoklassniki, Telegram, WhatsApp, Viber, Snapchat, IMO, Pinterest и Netflix трафигіне жұмсалады.
- 25 ГБ біткен соң, видео, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге трафик негізгі интернет-топтамадан кетеді.
- Негізгі интернет-топтаманың көлемі өзгермейді.