2026 жылғы 27 қаңтардан бастап тарифіңіздің абоненттік төлемі өзгереді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі өседі. Осыған байланысты Сіздің тарифіңіз бойынша абоненттік төлем де өзгереді. Біз бұл өзгерісті барынша минималды етуге тырыстық.
Өзгерістермен танысыңыз:
- Сіздің қазіргі тарифіңіз бойынша жаңа абоненттік төлем 17 679 ₸/ай болады.
- Тарифтің атауы «Премиум Отбасы х4 архив» болып өзгереді.
- Тариф жоспарының шарттарына сәйкес, 12 ай пайдаланғаннан кейін Сіз автоматты түрде «Стандартты» тарифіне өтесіз.*
- «Стандартты 20» тарифі бойынша жаңа абоненттік төлем 21 299 ₸/ай болады.
- Сондай-ақ еске саламыз: 27.01.26 күні Сіздің тарифіңіздегі 2000 S! бонусы бар кешбэк акциясы аяқталады. Осы күннен кейін абоненттік төлем үшін стандартты кешбэк есептелетін болады — 1%. Барлық жиналған бонустар Сізде қалады.*
Толық ақпарат — beeline.kz сайтындағы тариф сипаттамасында және Janymda қосымшасында («Менің нөмірім» бөлімі).