Бірінші аб. төлемге 50% жеңілдікті қалай алуға болады?
«Премиум Отбасы» тарифін 29.12.23 дейiн қосып, 30 күн ішінде абоненттік төлемді: 11990 теңгенің орнына 5995 теңге төлеңіз.
Неше нөмір қосуға болады?
Барлығы 5 нөмір: Сіздікі және жақындарыңыздың 4 нөмірі. Нөмір көбейген сайын тарифтің тиімділігі арта түседі. Өйткені аб.төлем қатысушылар санына байланысты емес. 2023 жылғы 30 қарашаға дейін қосымша төлемсіз қосып үлгеріңіз.
Тарифке басқа қатысушыларды қалай қосуға болады?
1. «Премиум Отбасы» тарифін «Менің Beeline-ым» қосымшасында қосыңыз.
2. «Менің нөмірім» кіріктірмесінде «Отбасымды тарифке қосу» пернесін басыңыз
3. Ашылған терезеде тиісті нөмірді жазыңыз немесе телефон кітабынан таңдаңыз (4 нөмірге дейін)
Қатысушыларға «Менің Beeline-ым» қосымшасында немсе «ИӘ» деп жауап беру арқылы тариф шақыруын 48 сағатта қабылдауы керек екенін ескертіңіз.
Интернет толық шексіз бола ма?
«Премиум Отбасы» тарифінде интернет шексіз. Сізге де, тарифке қосылғандарға да. Алайда, «Әділ пайдалану саясаты» бар: тарифтің барлық қатысушысы 200 ГБ тұтынған соң, жылдамдық 1.5 Мбит/с дейін азаяды, бірақ шексіздік сақталады. Мессенджерлерді пайдалануға, әлеуметтік желіде сөйлесуге және видеоконтентті онлайн көруге бұл жылдамдық жетеді. Қаласаңыз, *355# пәрменімен немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасында «Қайта қосу» пернесін («Менің тарифім» бөлімі) басып жылдамдықты қалпына келтіре аласыз. Абоненттік төлем қайта алынып, қызмет топтамалары жойылады да, қайта толтырылады.
Айрықша қызмет қалай көрсетіледі?
Осы тарифтің басшысына бірінші кезекте қызмет көрсетіледі, мұнда оның қайда жүгінгені – біздің озық кеңсе ме, 116 нөмірі арқылы колл-орталығы ма немесе авторизациядан өткен соң, чат-бот па – маңызды емес. Егер мәселе SIM-картаны ауыстыруға, қайта тіркеуге, нөмірді қайта ресімдеуге/құқығын беруге немесе жойылған нөмірді қалпына келтіруге байланысты болса, кез келген күні 9:00 мен 18:00 аралығында менеджерді шақыртуға да болады. Барып қызмет көрсету қызметі келесі қалаларда қолжетімді: Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Шымкент.
Beeline-ның озық кеңселерінің тізімі:
• Астана: Республика даңғылы, 16
• Алматы: Жібек жолы даңғылы, 98 немесе Тимирязев көшесі, 40
• Ақтау: «Royal House» ТҮК, 19-ықшам аудан, үй 4/40
• Ақтөбе: «Ақтөбе Ажары» СҮ, 11-ықшам аудан, 112-үй
• Қарағанды: Бұқар жырау даңғылы, 49/6
• Қостанай: әл-Фараби көшесі, 88
• Орал: Назарбаев даңғылы, 195
• Өскемен: М. Горький көшесі, 64
• Петропавл: Әуезов көшесі, 172
• Тараз: Қазыбек би көшесі, 103
• Шымкент: Республика даңғылы, 6а
• Атырау: Сәтпаев даңғылы, 17
• Павлодар: Бектұров көшесі, 62/2
• Семей: Қ. Мұхамедханов көшесі, 49
• Қызылорда: Байтұрсынов көшесі, 54
Бонустар қалай беріледі?
Тарифтің барлық қатысушысы қол жеткізе алады:
• BeeTV: BeeTV+ жинағындағы киноға
• hitter: музыканың premium-жазылымына
• Simply: сатып алғандағы әдепкі кешбэкке +1%
Барлық қатысушы осы қосымшаларды жүктеп, нөмірімен авторизациядан өтуі, содан соң пайдалануы керек.
«Премиум Отбасы» тарифінде бонустардың тегін берілуі келесіі білдіреді:
• Осы тариф жоспардың пайдаланушылары бонустарды тек оператор бекіткен кезеңде пайдалана алады.
• Бонустарды қандай да бір қосымша төлемсіз пайдалануға болады, егер тариф жоспарының басшысы абоненттік төлемді уақытында төлесе.
Бонустар 30.06.24 дейін беріледі.
BeeTV бонустың контентін өзгертуге құқылы.
Егер тағы минут немесе SMS керек болса
Екі шешімі бар:
1) Тарифтің басшысы «Қосымша минуттар топтамасын» Немесе «Қосымша SMS топтамасын» ала алады, оны тарифтің барлық қатысушысы пайдаланады.
2) Басшы «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *355# пәрменімен тарифті мерзімінен бұрын қса алады. Абоненттік төлем алынып, минуттар топтамасы қалпына келеді.
Білгеніңіз пайдалы
Тариф ҚР аумағында ғана әрекет етеді.
Тариф жоспарының шарттары, қосылған сәттен бастап 12 ай әрекет етеді. Яғни оператор көрсетілген мерзімді созбаса, тариф басшысының нөмірі «Стандарт 6» тариф жоспарына ауыстырылады да, қатысушылардың нөмірі «Қарапайым (Отбасы ортасы)» тариф жоспарында қалады. Сізге қолжетімді кез келген тарифке сайтта немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасында ауысу алатыныңыз алдын ала ескертіледі.
Осы беттегі ақпарат — алдын ала есеп айырысу жүйесінің клиенттеріне арналған.