19 мамыр 2021 жылы
«Бәрі 2090 архивтік» тарифіңіз жаңарады.
Өзгерістермен танысыңыз:
- Енді Сізде 2022 жылғы 1 сәуірге дейін Қазнет шексіз. Қазақстандық кез келген интернет-ресурсты, соның ішінде Egov.kz, Zakon.kz, Kundelik.kz, Krisha.kz және Kolesa.kz тәрізді танымал сайттарды шексіз қолдана аласыз. Трафик шығындалмайды.
- Оған қоса минуттарды ГБ-ға және кері ауыстыра аласыз. Артығыңызды қажетіңізге қосымша төлемсіз ауыстырыңыз. Айрбас бағамы 10 минут = 1 ГБ. Қызметті 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолдануға болады.
- Интернет топтама 16 ГБ-ға дейін көбейеді.
- Күн сайынғы топтама көбейеді. Күн сайынғы топтаманың аб.төлемі өзгереді.
- Негізгі абоненттік төлем ұсталмаған кездегі қоңырау шалу және SMS жолдау құны өзгереді.
- Тариф «Бәрі 2590 архивтік» деп аталады.
- Абоненттік төлем 4 аптаға 2590 теңге болады. Егер #БәріБолады немесе #КөпБолады қызметін қоссаңыз, оның құны ─ 790 тг/ай, бұрынғыдай тарифтің аб.төлеміне қосылады. Қандай қызметтер қосылғанын білу: *179#
- Тарифіңіздің шарттарын білу үшін *166#пәрменін теріңіз.