Жоғары жылдамдықта қосымша 50 ГБ
-
Бұл қызмет тариф бойынша келесі абоненттік төлем алынғанға дейін пайдалануға болатын жоғары жылдамдықтағы қосымша 50 ГБ интернетті ұсынады. Қосылу тек негізгі трафик көлемі таусылғаннан кейін және жылдамдық төмендеген жағдайда ғана әділ пайдалану саясатына сәйкес мүмкін болады.
Қалай қосуға болады
Қызметті *921*50# USSD-пәрмені арқылы немесе Janymda қосымшасында қосуға болады. Қосылғаннан кейін SMS-хабарлама келеді.
Қызмет үшін төлем бірден, тариф бойынша абоненттік төлемнен бөлек алынады.
Қандай тарифтерде қолжетімді
«Турбо +50 ГБ» қызметі келесі тариф жоспарларда қолжетімді:
• «Премиум Отбасы x2»
• «Премиум Отбасы x4»
• «Премиум Отбасы x6»
• «Премиум Отбасы х6 (LS)»
Пакет қанша уақытқа жарамды
50 ГБ келесі жоспарлы абоненттік төлем алынғанға дейін жарамды. Қалдықтар келесі кезеңге қосылмайды және ауыспайды. Жылдамдық төмендеген жағдайда бұл қызметті қалағаныңызша қайта қоса беруге болады.