-
Маңызды қоңырауды қабылдауға мүмкіндігіңіз жоқ па? «Қоңырауларды аудару»
-
Құны
0 тг
Қанша тұрады?
Қосу
|
0 тг |
Қосымша ақпарат
Сіздің телефоныңызға маңызды қоңырауды қабылдауға мүмкіндігіңіз жоқ, бірақ оны өткізіп алғыңыз келмей ме? Жай ғана «Қоңырауларды аудару» қызметін баптаңыз! Бұл қызмет келіп түскен қоңырауларды Қазақстан Республикасындағы кез келген мобильді оператордың, не болмаса Қазақстан бойынша қалалық телефон нөміріне аударуға мүмкіндік береді. Қызметті қосудың қажеті жоқ. Жай ғана телефон мәзірі арқылы қоңырауды аударудың бір немесе бірнеше режимін баптап қойыңыз. Аударылған қоңырау қандай телефон нөміріне аударылғанына байланысты Сіздің тарифтік жоспарыңыз бойынша төленеді.
Егер тариф жоспарыңызда Сіз тұратын облыстан тыс жерде қоңырауларды тарифтеу құны облыс ішіндегіден басқаша болса, онда аударылған қоңыраулар абонент облыстан тыс жерде болғандай бағамен тарифтелетін болады. Қоңыраулар қалалық нөмірге немесе Beeline нөміріне аударылғанынан қарамастан осылайша тарифтелетін болады.
Назар аударыңыз! Қызмет роумингте төмендегідей тарифтелетін болады: эфирлік уақыттағы минуттың құны абоненттің барған елі жататын тарифтк аймақтың шығыс қоңыраулары мен сәйкесінше кіріс қоңырауларының құнынан жинақталады. Сондықтан роумингте бұл қызметтің қажеті жоқ болса, сапар барысында өшіріп қоюға кеңес береміз.
Сіз телефон мәзірі арқылы немесе арнайы әмірлердің көмегімен қоңырауды аударудың бір немесе бірнеше режимін баптай аласыз:
Барлық қоңырауларды аудару | |
Қосу |
**21* телефон нөмірі # Мысылы: **21*+7777xxxxxxx#, **21*8727ххххххx#. |
Ажырату |
##21# |
Телефон бос емес болғанда қоңырауларды аудару | |
Қосу |
**67# телефон нөмірі # |
Ажырату |
##67# |
Телефон өшірулі тұрғанда қоңырауларды аудару | |
Қосу |
**62# телефон нөмірі # |
Ажырату |
##62# |
Сіз қоңырауға жауап бермеген жағдайда қоңырауды аудару* | |
Қосу |
**61* телефон нөмірі*таңдалған уақыт адымы # |
Ажырату |
##61# |
Қоңырау аударудың бәрін болдырмау | |
Ажырату |
##002# |
* Орнатылатын адымдар: 5, 10, 15, 20, 25 немесе 30 секунд.
Әдепкі бойынша 30 секунд орнатылған: егер Сіз 30 секунд ішінде жауап бермесеңіз, қоңырау Сіз көрсеткен нөмірге аударылады.
Құрметті абоненттер! Қызметті қосу/ажырату, тариф жоспарын ауыстыру, т.с.с. пәрмендерді тергенде кем дегенде 15 минуттың ішінде жүйенің сұранысыңызды өңдегенін күту керек. Қызметті бірнеше рет қосқаныңыз үшін теңгеріміңізден қызметті қосу құны бірнеше рет шегерілмеуі үшін пәрменді қайта термеңіз. Жүйеден жауап келмесе, жүйе әлі қызметті қосу үрдісін аяқтаған жоқ және Сіздің сұранысыңыз өңделуде деген сөз. Мұндай жағдайда егер Сізге келесі пәрменді теру керек болса, алдымен ағымдағысының өңделгенін күту керек.