YouTube, Instagram, Facebook, OK, ВКонтакте және WhatsApp-қа шексіз трафик.
-
Небәрі 790 теңгеге ШЕКСІЗ пайдалан!
Қызметтің сипаттамасы:
Небәрі 790 теңгеге #БәріБолады қызметін қосып, YouTube, Youtube Kids, Instagram, Twitch, TikTok, Facebook, Twitter, VKontakte, Tinder, Odnoklassniki, Telegram, WhatsApp, Viber, Snapchat, Netflix, Pinterest және IMO ресурстарына шексіз трафик ал.
Қызметті өшіру
Қызметті өшіру
|
Қызмет құны:
Абоненттік төлем
|
790 тг | |
#БәріБолады қызметінің 790 теңгеге тең абоненттік төлемі тарифтік жоспардың келесі абоненттік төлеміне қосылады. Қызмет пен тарифтің төлемі ай сайын бір сомамен ұсталады.
|
||
Қосымша ақпарат
Әлеуметтік желіні шексіз пайдалану үшін, сыртқы трафик үшін интернет-топтамада МБ болуы керек.
«Түнгі Шексіздік» қызметі қосылып тұрса қызмет жұмыс істемейді.
#БәріБолады қызметімен бірге жұмыс істемейтін қызметтер тізімі: Тәуліктік автотоптама (барлығы), Интернет-топтама (барлығы), Интернет-топтама+ (барлығы), Жылдық топтама (барлығы), Жылдық топтама+ (барлығы). Аталмыш қызметтер автоматты түрде өшіріледі. Қосылған қызметтердің тізімін *179# пәрмені арқылы тексеруге болады.
Қызметті «Бәрі бар 1390», «Бәрі бар 1790», «Бәрі бар 2190», «Бәрі бар 2790», «Бәрі бар 1390 архивтік», «Бәрі бар 1790 архивтік», «Бәрі бар 2190 архивтік», «Бәрі бар 2790 архивтік», «Бәрі Супер» тарифтік жоспарларында қосуға болады. Тарифіңізді *166# пәрмені арқылы тексеруге болады.
Қызмет роумингте әрекет етпейді.
Назар аударыңыз! Вконтакте сервисі мен басқа да әлеуметтік желілерде трафиктің 2 түрі бар: меншікті ішкі, ол – шексіз, және аздаған сыртқы – техникалық трафик, баннердегі жарнама, кіру санағыштары, сондай-ақ әлеуметтік желілердің парақтарында басқа сайттардан орналастырылатын (YouTube, Rutube, Vimeo және басқалары) видеолар. Ондай трафик тариф жоспарының негізгі топтамасынан жұмсалады. Шексіздіктерді қосымшаларға кіріктірілген барлық мессенджерге де алуға болады (мысалы, Facebook және Facebook мессенджері).
YouTube сервисінде де трафиктің 2 түрі бар: негізгі ішкі – ол видеоконтенттің өзі, және аздаған сыртқы – баннердегі жарнама, кіру санағыштары, техникалық трафик, олар тарифтің негізгі топтамасынан шығындалады, себебі оны техникалық тұрғыдан YouTube трафигі ретінде есептеу мүмкін емес. YouTube-ке берілетін шексіз трафик ішкі трафикке және өз видеоконтентіңді жүктеуге мүмкіндік береді. Сыртқы трафикті алмау үшін және тариф жоспарының трафигін шығындамау үшін, ресми қосымшаларды қолдануға кеңес береміз.
Видеоны 720p (HD) дейінгі сапада көруге болады.
Қызметтерге шексіз қол жеткізу мобильді қосымшалар арқылы да, веб-нұсқалар (браузерлер) арқылы да ұсынылады.
WhatsApp, Telegram және барлық мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі шексіз трафик хабарлама алмасуға, кез келген файлды, фотоны, аудио- және видеожазбаны жіберуге, сондай-ақ онлайн видео-таратылымға, аудио- және видеоқоңырауға беріледі.
Егер тариф жоспарының интернет-топтамасы мен теңгерімдегі қаражат бітіп қалса, қызметке қосылу бұғатталады.
Егер смартфонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосылып тұрса, сондай-ақ ол модем режимінде қолданылып тұрса (интернет-трафик таратушыда да, оған қосылғанда да), шексіздік берілмейді, видеосервистерді (YouTube, YouTube Kids, Netflix), соцсетей (Instagram, Facebook, Twitter, VKontakte, Odnoklassniki, Pinterest), мессенджерлерді (Telegram, WhatsApp, Viber, IMO), жастарға арналған сервистерді (Snapchat, Tinder, TikTok) және геймерлерге арналған ресурстарды (Twitch) пайдалану кезіндегі трафик негізгі топтамадан жұмсалады.