Басты бет / Қызметтер / Beeline-да қазір IPv6 бар: енді ешқандай капча жоқ!

Beeline-да қазір IPv6 бар: енді ешқандай капча жоқ!

Beeline Қазақстан желісінде жаңа “IPv6” технологиясы ашылды, оны ешқандай қосымша төлемсіз қолдануға болады. Ол үнемі капчаны (capcha), яғни робот емес екеніңізді растау кодын жазудан арылтатын жаңа интернет-хаттама (ІР) нұсқасы. Бұл ретте ІР-мекенжай қазіргіден біршама көбейеді.

IPv6 Сізге не үшін керек?

Captcha ресми түрде жойылады!

Байланыс бұрынғыдан жақсы қорғалады

Интернетті қолдану ыңғайлы бола түседі

IPv6 туралы толық мәлімет

Егер Сізді Google, «Яндекс» және басқа да танымал веб-сайттарға кірерде бағдаршамы бар суреттерді таңдау шаршатса, біз бекер еңбек етпеген екенбіз. Captcha — сол ребус-суреттер – ресми түрде жойылады!

Оның қалай жұмыс істейтінін қараңыз

Сіз интернетке шығатын әрбір құрылғының мекенжайы — ІР бар.

Қандай-да бір сайтта Сізден капчаны енгізуді сұраса, демек сол сәтте желіге бір ІР-мекенжай арқылы көп адам қосылып отыр.

Жаңа IPv6 технологиясымен бос ІР-мекенжай саны шексіз көбейеді де, интернетті қолдану ыңғайлы бола түседі.

Баптау жолы

APN internet.beeline.kz-ті қолданғанда, интернетке қосылу мүмкіндігі Dual-Stack IPv4/IPv6 режимінде ұсынылады.

Android-та

Қосу оңай
Телефондағы мобильді интернет баптауларында «Қосылу нүктесі» блогын таңдаңыз, содан соң «APN хаттамасы» жолында IPv4/IPv6 бабын шертіңіз (немесе жазыңыз). Құрылғыңызда қосылу нүктесін қалай табуды мына жерден қарауға болады..
Баптаулар күшіне енуі үшін, авиарежимді қосып, өшіріңіз немесе құрылғыны қайта жүктеңіз.

Өшіру оңай
Телефондағы мобильді интернет баптауларында «Қосылу нүктесі» блогын табыңыз, содан соң «APN хаттамасы» жолында IPv4 бабын шертіңіз (немесе жазыңыз). Құрылғыңызда қосылу нүктесін қалай табуды мына жерден қарауға болады..
Баптаулар күшіне енуі үшін, авиарежимді қосып, өшіріңіз немесе құрылғыны қайта жүктеңіз.

IOS-та

Ештеңе жасаудың қажеті жоқ. тек iOS-ты 16 нұсқасына жаңартыңыз

Қанша тұрады

Ақысыз, ештеңе төлеудің қажеті жоқ. Игілігіңізге пайдаланыңыз!

Қаншалықты қауіпсіз

100%. IPv6 ақпаратқа тура жол салады, фрагменттеудің алдын алады (оны бөліктерге бөлмейді), іркілістердің алдын алады, сондай-ақ интернет-трафикті жоғары деңгейде қорғай отырып, шифрлауға мүмкіндік береді.

Қай жерде әрекет етеді

IPv6 бағыттау Қазақстан Республикасының аумағында және роуминг-серіктестің желісінде техникалық мүмкіндік болса, халықаралық роумингте әрекет етеді.

IPv6 жұмысын қалай тексеруге болады?

Мына жерге кіріп, нұсқамаға сай әрекет етіңіз. Тез, ыңайлы әрі тегін тексеріледі.