Күнделікті топтама Бәрі бар 3990 тг
Қанша тұрады?
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама белсендіріледі Егер айлық және апталық негізгі абоненттік төлемдер ұсталмаса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тарифтелу қолданылады. |
200 тг/тәулігіне |
Күн сайынғы топтама
- Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама өздігінен қосылады. Күн сайынғы топтаманың ақысы қосылған сәтте ұсталады. Күн сайынғы қызметтер көлемі берілгені туралы SMS-хабарлама аласыз. Егер теңгерімде қаражат жеткілікті болса, күн сайынғы абоненттік төлем түнгі сағат 00:00 – 03:00 аралығында ұсталады. Егер қаражат жетпейтін болса, шот келесі толтырылған кезде күн сайынғы топтаманың ақысы тек түнгі уақытта ұсталады.
- SIM-карта қосылған бірінші күні немесе тарифтік жоспарды ауыстырғанда, қаражат негізгі абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, күн сайынғы топтама қосылмайды.
- Күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған соң, келесі қызметтер көлемі беріледі:
Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу | Шексіз | |
Қазақстандағы кез келген нөмірге қоңырау соғу (Ресейге, Қырғызстанға, Украинаға, Қытайға шығындалмайды) |
10 мин | |
Жерсерік байланысынан басқа халықаралық нөмірлерге қоңырау соғу | 1 мин | |
Қазақстандағы кез келген нөмірге SMS жолдау | 10 SMS | |
Интернет-топтама | 1 ГБ | |
BeeTV, Beeline Pressa, Beeline Кітаптар, Яндекс.Музыка және ESET NOD32 антивирусы трафигі |
Тегін |
- Қызметтердің берілген көлемі ағымдағы тәулік біткенше әрекет етеді.
- Егер күндік абоненттік төлем ұсталған күні теңгерім айлық абоненттік төлемді ұстауға жететін сомаға толтырылса, төлем бірден ұсталып, айлық қызметтер топтамасы беріледі. Бұл ретте, күн сайынғы топтама өшіріледі.
- Егер күн сайынғы абоненттік төлемді ұстауға қаражатыңыз жетпейтін болса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тарифтелу қолданылады.
- Қызмет тарифтік жоспардың бір бөлігі және оны өшіру мүмкін емес.