Бұл «Байланыс туралы» Заңның 35-бабы, 2-тармағына сәйкес барлық ұялы байланыс операторларына қойылған міндетті талап: абоненттің биометриялық сәйкестендіруінсіз ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуға болмайды. Жаңа ереже телефон арқылы алаяқтықпен және SIM-карталарды заңсыз тіркеумен күресуге көмектеседі.

Сіз биометриялық сәйкестендіруден Beeline қызмет көрсету кеңсесінде немесе SIM-карта сатып алу орнында өте аласыз.

Келесі жағдайларды тексеріңіз:

• бет біркелкі жарықтандырылған, көлеңке мен шағылысусыз;

• бет ашық: қара көзілдіріксіз, маскасыз немесе бас киімсіз;

• құрылғы бетке тура қарама-қарсы орналасқан;

• бет экрандағы сопақшаға толық сыйып тұруы керек, артқы фонда басқа адамдар болмауы тиіс;

• камерада шаң, кір немесе дақ болмауы керек.

Егер Сіздің жеке куәлігіңіз ескі үлгіде болса, эталондық базадағы сурет сапасыз немесе ескірген болуы мүмкін. Бұл жағдайда сәйкестендіру дұрыс өтуі үшін ХҚКО-ға барып, құжатты жаңартуға кеңес береміз.

Сізге MRZ-аймағы (машинамен оқылатын жолақ) бар шетелдік төлқұжат қажет болады.

Құжатты сканерлеу бойынша ұсыныстар:

• төлқұжатты тегіс бетке қойыңыз;

• шағылысу мен тым қатты жарық болмауы тиіс;

• камераны құжаттың үстіне тура бұрышпен ұстаңыз;

• құжаттың шеттері жақтауға сыйып тұруы керек (фокус автоматты түрде жасалады). Жақтау жасыл түске боялса — бұл бәрі дұрыс өткенінің белгісі.