-
Қоңырау шалушы сізге хабар қалдыра алады, ал сіз кез келген ыңғайлы уақытта оны тыңдай аласыз. Тіпті егер қоңырау шалушы хабар қалдырмаса да, кім қоңырау шалғанын сіз білетін боласыз - сіздің телефоныңызға оның телефон нөмірі көрсетілген SMS келіп түседі.
Автожауап қайтарғыш телефон қызмет көрсету аясынан тыс жерде болғанда немесе өшірулі тұрғанда, сондай-ақ сіз қоңырауға 30 секунд ішінде жауап бермесеңіз, қосылатын болады.
Қызмет туралы
Автожауап қайтарғышты қосып қойыңыз, сонда сіз, тіпті телефоныңыз өшірулі немесе қызмет көрсету аясынан тыс жерде болса да, бір де бір қоңырауды өткізіп алмайсыз.
Қоңырау шалушы сізге хабар қалдыра алады, ал сіз кез келген ыңғайлы уақытта оны тыңдай аласыз. Тіпті егер қоңырау шалушы хабар қалдырмаса да, кім қоңырау шалғанын сіз білетін боласыз - сіздің телефоныңызға оның телефон нөмірі көрсетілген SMS келіп түседі.
Автожауап қайтарғыш телефон қызмет көрсету аясынан тыс жерде болғанда немесе өшірулі тұрғанда, сондай-ақ сіз қоңырауға 30 секунд ішінде жауап бермесеңіз, қосылатын болады. Сіз Автожауап қайтарғыштың қосылуы үшін өз шарттарыңызды бере аласыз.
Автожауап қайтарғышта ең көп дегенде әрқайсысы ұзындығы 120 секундқа дейін 20 хабар қалдыруға болады. Түскен және тыңдалмаған хабардың сақталу ұзақтығы — 10 күн, түскен және тыңдалған хабар — 2 күн сақталады.
Қосымша ақпарат
Хабарларды мобильді телефоннан тыңдау
Мобильді телефоннан 0600, нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз, өзіңіздің шартсөзіңізді енгізіңіз де, басыңыз.
Хабарларды қалалық телефоннан тыңдау
1. Қалалық телефоннан 8 (705) 200 0600 нөміріне қоңырау шалыңыз
2. Өзіңіздің мобильді телефоныңыздың нөмірін теріңіз де, # басыңыз.
Телефон нөмірін мына форматта теріңіз: 7705XXXXXXX немесе 7777XXXXXXX.
3. Өзіңіздің шартсөзіңізді енгізіңіз де, # басыңыз.
4. Әрі қарай жүйенің көмексөздеріне еріңіз.
Назар аударыңыз!
Қалалық телефон үнділік режимін қолдауы керек.
Хабарларды роумингте тыңдау:
1. +7 705 200 0601 телефонына қоңырау шалыңыз.
2. Өзіңіздің мобильді телефоныңыздың нөмірін теріңіз де, # басыңыз.
Телефон нөмірін мына форматта теріңіз: 7705XXXXXXX немесе 7777XXXXXXX.
3. Өзіңіздің шартсөзіңізді енгізіңіз де, мынаны басыңыз #.
4. Әрі қарай жүйенің көмексөздеріне еріңіз.
Баптау
Жеке сәлемдесуді жазу мен шартсөзді орнату үшін +7 705 200 0601 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз. Әдепкі бойынша стандартты сәлемдесу мен 9999 шартсөзі орнатылған.
Содан кейін Автожауапбергішке қоңырауларды қайта жолдауды орнатыңыз:
Абонент қызмет көрсету аясынан тыс жердегі қайта жолдау - **62*+77052000601#
Телефон бос болмағандағы қайта жолдау - **67*+77052000601#
Барлық қоңырауларды қайта жолдау - **21*+77052000601#
Жауап берілмегенде қайта жолдау - **61*+77052000601*[уақыт адымы]#
Кіріс қоңырауларын қайта жолдау режимін мобильді телефонда орнату мына телефон арқылы жүзеге асырылады:
+7 705 200 0601
Егер сіз жауап берілмеген кездегі қоңырауды аударуды орнататын болсаңыз, онда мынадай уақыт аралығын беруге болады: 5, 10, 15, 20, 25 немесе 30 секунд. Жақшадағы ақпаратты көрсету міндетті емес — бұл жағдайда әдепкі бойынша адым 30 секунд болып қалады.
Егер сіз қоңырауды аударудың бірнеше түрін орнатқан болсаңыз, онда барлық қоңырауды аудару артықшылыққа ие болады.
Қызметті қосу/ажырату, тариф жоспарын ауыстыру, т.с.с. пәрмендерді тергенде кем дегенде 15 минуттың ішінде жүйенің сұранысыңызды өңдегенін күту керек. Қызметті бірнеше рет қосқаныңыз үшін теңгеріміңізден қызметті қосу құны бірнеше рет шегерілмеуі үшін пәрменді қайта термеңіз. Жүйеден жауап келмесе, жүйе әлі қызметті қосу үрдісін аяқтаған жоқ және Сіздің сұранысыңыз өңделуде деген сөз. Мұндай жағдайда егер Сізге келесі пәрменді теру керек болса, алдымен ағымдағысының өңделгенін күту керек.