Тек қолданатыныңыз үшін төлеңіз!
-
Ұзақ уақытқа кетіп барасыз ба және «Үйдегі интернетті» қолданбайсыз ба? «Ерікті бұғаттау» қызметімен интернетті тиісті кезеңге бұғаттап қойыңыз. Интернет бұғатталады да, Сізге ол үшін төлеу керек болмайды. Бұғаттауға болатын ең ұзақ уақыт – 90 күн.
Қызмет кімдерге арналған?
Қызметті «Үйдегі интернеттің» барлық клиенті тариф жоспарына қарамастан қолдана алады.
Қызмет қанша тұрады?
Қызмет тегін.
Қызметті қаншалықты жиі қолдануға болады?
Қызметті соңғы бұғатталған сәтінен бастап әр 30 күн сайын қолдануға болады.
Қызметті қалай қолдануға болады?
«Үйдегі интернеттегі» жеке кабинетке кіріңіз. «Қызметтер» бөлімінен «Ерікті бұғаттауды» таңдап, бұғатталатын тиісті уақытты белгілеңіз. Болды, интернет бұғатталды, ешқандай артық төлем жоқ!
Қызметті қолдансам, үйдегі телевизия не болады?
Егер Сізде ТВ топтама қоылып тұрса, интернетпен бірге ол да бұғатталады.
Тарифке қосылған мобильді нөмірлердегі қызметтің құны қандай болады?
Егер Сізде мобильді нөмірлері бар тариф тұрса, мобильді байланыстың ақысы абоненттік төлем ұсталмаған кездегідей алынады:
Вeeline нөмірлеріне қоңырау шалу - 18 тг/мин
ҚР-дағы басқа мобильді және қалалық нөмірлерге қоңырау шалу - 18 тг/мин
Кездейсоқ шығындардың алдын алу үшін, интернет бұғатталады.
Егер мен қызметті қоссам, абоненттік төлем алынса, ақшаны қайтарасыздар ма?
Егер Сіз «Ерікті бұғаттау» қызметін қолдансаңыз, қолданылмаған күндердің сомасы теңгеріміңізде қалады.
Мысалы: 1 наурызда Сізден абоненттік төлем алынды. Содан соң Сіз 10 күнге, 15 – 25 наурызға, «Үйдегі интернетті» бұғаттадыңыз. Осы 10 күннің сомасы теңгеріміңізде қалады да, оны Сіз келесі абоненттік төлемді төлегенде пайдалана аласыз.
Бұғаттау аяқталған соң, төлемесем не болады??
Бұғаттан босатылған соң, «Үйдегі интернет» қызметіне төленбесе, мобильді байланыстың ақысы абоненттік төлем алынбаған кездегідей төленеді, ал интернет пен ТВ (егер топтамада болса) қолжетімсіз болады. Сіз абоненттік төлемді төлеген соң, «Үйдегі интернеттің» барлық қызметі қайта іске қосылып, мобильді нөмірлерге гигабайттар мен минуттар беріледі.
«Үйдегі интернетті» 12 ай бойы қолданбағанда, логин жойылады да, топтамадағы мобильді нөмірлер «Жеңіл» тарифіне ауыстырылады. Қызметті кез келген уақытта жаңартуға болады. Толық ақпарат мына жерде.