Интернеттегі тұрақты IP-адрес
-
Статикалық ІР деген не?
Ол Интернеттегі Сіздің тұрақты ІР мекенжайыңыз. Ол "Үйдегі интернет" логиніңізге бекітіледі.
Статикалық ІР не үшін керек?
Егер Сізге келесілер керек болса, статикалық ІР пайдалы:
• әлемнің кез келген жерінен компьютеріңізге қашықтан қосылу керек болса
• бейнебақылау камераларыңызға қосылу керек болса
• ІР-мекенжайға тіркеле отырып, авторизациядан өтуді талап ететін жекелеген онлайн сервистерді қолдану керек болса (файл сақтау орындарына, интернет –банкингке, ойын серверлеріне және басқаларына).
Қызмет қанша тұрады?
Қызметтің құны айына 5000 тг. Абоненттік төлем әр айдың бірі күні алынады.
Қызметті қалай қосуға болады?
Қызметті «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе Жеке кабинетте қосуға болады.
Өз статикалық мекенжайыңды қалай тексеруге болады?
• ДК-де «Бастау» мәзірін, содан соң «Басқару панелін», ары қарай «Желілік қосылыстарды» шертіп, интернетке қосылу таңбасын табыңыз да, соны шертіңіз. Ашылған мәзірден «Мәліметтерді» бассаңыз – ең астында ІР-мекенжайы көрініп тұрады.
• ІР-мекенжайды Windows ipconfig қызметімен білуге болады. Ол үшін «Бастау» – "Орындау". пернесін басыңыз. Ашылған терезеде “cmd” деп жазыңыз. Ары қарай ipconfig деп теріп, enter пернесін басыңыз. IPv4 жолында ІР көрініп тұр.
Қызметті қалай өшіруге болады?
3131 нөмірі арқылы Call-орталығына қоңырау шалып (барлық оператордан), қызметті өшіруге болады.
Қосымша шарттар:
1.Оператор клиентке бірегей емес, басқаға беруге немесе кез келген нысанда табыстауға болмайтын, жарамды мерзімі шектелген, клиенттің тек өзі қолдануға арналған және кызметті үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде табыс алу үшін коммерциялық мақсатта беру қарастырылмаған қызметке қосылу құқығын береді.
2.Қызмет көрсетудің есепті кезеңі Жеке кабинетінде және(немесе) «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында көрсетілген, авторизация «Үйдегі интернет» логинімен жасалуы керек.
3.Клиент өзінің тіркеу деректерін және клиентті дараландыратын өзге де ақпаратты жария етуге, жоғалтуға, ұрлауға және т. б. әкеп соққан әрекеттер және/немесе әрекетсіздік үшін, сондай-ақ клиенттің тіркеу деректерін пайдаланатын үшінші тұлғалардың кез келген әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі үшін толық жауапты. Оператор клиенттің және/немесе оның тіркеу деректерін пайдаланатын үшінші тұлғалардың жоғарыда көрсетілген әрекеттері үшін жауапты емес.
4.Қызметті пайдалану кезінде оператордың сервер ресурстарына, дербес тіркеу деректеріне және басқа клиенттердің өзге деректеріне рұқсатсыз қол жеткізуге бағытталған кез келген іс-әрекетке тыйым салынады, сондай-ақ оператордың және үшінші тұлғалардың бағдарламалық қабығына, техникалық және бағдарламалық құралдарына, тораптық машиналарына залал келтірмеуге міндеттенеді.
5.Қызмет заңды тұлғаларға (оның ішінде B2B клиенттерге, букмекерлік кеңселерге, компьютер клубтарына және т.с.с.) ұсынылмайды.