Жаңа үйге ескі логинмен көшіңіз!
-
Көшіп жатырсыз ба? «Көшу» қызметімен, интернетті қайта қосуды уайымдаудың қажеті жоқ: мекенжай бір қаалның ішінде ауысқанда, логиніңіз және «Үйдегі интернет» қызметін ұсыну шарттары (тариф жоспары, теңгерім, жабдық және т.с.с.) сақталады.
Бұл қызмет кімдерге арналған?
Бұл қызмет «Үйдегі интернетке» қосылған барлық клиентке тариф жоспарына қарамастан, бір қаланың ішінде көшкен кезде, ыңғайлы мүмкіндік ұсынады.
Қызмет қанша тұрады?
Қызмет тегін, оны қанша қаласаңыз, сонша рет қоса аласыз.
Қызметті қалай қолдануға болады?
«Үйдегі интернет» қосылған мекенжайдан бір қаланың ішінде көшкенде, жаңа мекенжайда «Үйдегі интернетті» қосуға техникалық мүмкіндік болса, «Көшу» қызметін қолдануға болады.
Өтінім беру оңай:
- пернені шертіңіз
- жаңа мекенжайға қызметті қосудың техникалық мүмкіндігін тексеріңіз
- егер техникалық мүмкіндік бар болса, құжатты толтырыңыз, біз ақпаратты нақтылау үшін қоңырау шаламыз