Ұшу кезіндегі шексіз интернет 5000 теңге
-
Ұшу кезіндегі шексіз интернет 5000 теңге
Қызмет туралы
Халықаралық 35 әуе желіде ұшу кезінде мобильді интернетті өз нөміріңізден қолдануыңызға болады.
Ұшқан соң, авиарежимді өшіріп қойыңыз да, Beeline-ның ұшу кезіндегі шексз интернетті қосу ұсынысы бар SMS-хабарламасын күтіңіз.
Алғашқы 100 МБ ең жоғары жылдамдықпен беріледі, ары қарай, қонғанға дейін жылдамдық 128 Кбит/сек. Бұл жылдамдық хабарлама алмасуға арналған WhatsApp, Telegram және т.с.с. қосымшаларды еркін қолдануға жетеді.
Жылдамдық төмендегенде SMS арқылы ескертеміз. Трафикті тексеру пәрмені *106# немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасында тексеруге болады.
Қалай қосуға болады?
Жеке тұлғаларға арналған пәрмен |
Қызметті бортта SMS келген соң қосуға кеңес береміз. Телефонда AeroMobile және OnAir операторының аты көрсетіледі.
Егер пәрменді терген соң және қаражат ұсталған соң, қызметті қолдана алмасаңыз, шығыныңыздың өтемін қайтып алу үшін Call-center-ге тегін қоңырау шалыңыз: +7 7273 500-500
Қандай әуе желілерінде қолдануға болады?
Lufthansa, Eurowings, Alitalia, Swiss International Air Lines, Kuwait Airways, Turkish Airlines, Emirates, Singapore Airlines, Qatar Airways, Biman Bangladesh Airlines, Etihad Airways, Aer Lingus, Virgin Atlantic Airways, Air France, KLM, Cathay Pacific, Malindo Air, EVA Air, Asiana Airlines, Malaysia Airlines, Scandinavian Airlines System, Air Serbia, Aeroflot, British Airways, Iberia, Egyptair, Oman Air, Saudia, Air Cote Ivoire, Rwandair, TAAG, Air Senegal, Royal Air Maroc, Philippine Airlines, Sri Lanka.
Назар аударыңыз, қызметке қол жеткізу осы әуе желілерінің барлық бортында мүмкін емес. Қосу мүмкіндігін ұшақ экипажынан сұраңыз.
Қоңырау шалу және SMS қанша тұрады?
Қоңырау шалу |
1050 тг/мин |
|
SMS |
120 тг/дана |
Нені білу керек?
Корпоративтік клиенттер қызметті роуминг қосылып тұрса ғана пайдалана алады, роуминг жазбаша өтініш негізінде қосылады.