-
тариф жоспары бойынша
15 ГБ
-
Beeline нөмірлеріне
Шексіз
-
ҚР-дағы басқа моб.нөмірге
150 мин
Абоненттік төлемге кіреді:
Интернет-топтама
|
15 ГБ | |
Beeline нөмірлеріне қоңырау соғу
|
Шексіз | |
ҚР-дағы басқа моб.нөмірге қоңырау шалу
|
150 мин |
Қанша тұрады?
Абоненттік төлем |
3990 тг/айына | |
Егер негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама қосылады Егер негізгі және күн сайынғы абоненттік төлем ұсталмаса, абоненттік төлем ұсталмаған кездегі тариф қолданылады. |
390 тг/ тәулігіне |
Күн сайынғы топтама
Негізгі абоненттік төлем ұсталмаса, күн сайынғы топтама өздігінен қосылады. Күн сайынғы топтаманың ақысы, топтама қосылған сәтте ұсталады. Күн сайынғы қызметтер көлемі берілгені туралы SMS-хабарлама аласыз. Егер теңгерімдегі қаражат жеткілікті болса, күн сайынғы абоненттік төлем түнгі 00:00-03:00 аралығында ұсталады. Егер қаражат жетпейтін болса, шотты келесі толтырғанда, күн сайынғы топтаманың ақысы тек түнде ұсталады.
Алғашқы күн сайынғы топтама әрдайым толық беріледі, тіпті оның ақысын ұстауға қаражат жетпейтін болса да (теңгерімде бар кез келген сома ұсталады).
SIM-карта қосылған бірінші күні немесе тарифтік жоспарды ауыстырғанда, теңгерімдегі қаражат негізгі абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, күн сайынғы топтама қосылмайды.
Күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған соң, келесі қызметтер көлемі беріледі:
Басқа мобильді операторлардың нөмірлеріне қоңырау соғу | 30 мин |
Интернет-топтама | 300 МБ |
SMS | 15 SMS |
Қызметтердің берілген көлемі ағымдағы тәуліктің соңына дейін әрекет етеді.
Егер күн сайынғы абоненттік төлем ұсталған күні теңгерім негізгі абоненттік төлемді ұстауға жететін сомаға толтырылса, ол бірден ұсталып, 1 айға жарайтын қызметтер топтамасы беріледі. Бұл ретте күн сайынғы топтама өшіріледі.
Қызмет тарифтік жоспардың ажырамас бөлігі және оны өшіру мүмкін емес
Қоңырау соғу, хабарлама және интернет
Абоненттік төлем ұсталмаса немесе топтама біткенде:
|
||
Beeline-ға қоңырау шалу
|
18 тг/мин | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге қоңырау шалу
|
18 тг/мин | |
Абоненттік төлем ұсталмаған кезде интернетке қосылу. Интернет-топтама бітіп қалса, кездейсоқ шығындардың алдын алу үшін, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады. |
2 тг/МБ | |
|
||
Абоненттік төлемге кірмейтін қызметтердің құны:
|
||
Қалалық нөмірлерге қоңырау шалу
|
18 тг/мин | |
Beeline-ға SMS жолдау
|
18 тг/SMS | |
ҚР-дағы басқа мобильді нөмірге SMS жолдау
|
18 тг/SMS |
Шексіз түнгі интернет
Түні бойы шексіз интернет-трафик – 00:00-ден таңғы 07:00-ге дейін аптасына 490 теңге. Осы уақытта интернет-топтаманың трафигі шығындалмайды. Қызмет туралы толық ақпарат мына жерде.
Егер минуттар, SMS-тер немесе интернет бітіп қалса
1.*355# қысқа пәрменін теру арқылы ай сайынғы барлық топтаманы қалпына келтіре аласыз.
Пәрмен тарифтік жоспарға кіретін қызметтердің барлық топтамасын қалпына келтіреді. Пәрменді термес бұрын, теңгеріміңізде тарифтік жоспардың негізгі абоненттік төлемін ұстауға қаражат жететініне көз жеткізіңіз.
2. Немесе қызметтердің бір жолғы топтамасын сатып алуыңызға болады:
Халықаралық қоңырауларға
Басқа елге 15 тг/мин бастап қоңырау шалу үшін, "Көршілер" қызметін қосыңыз! Толық ақпарат
Әділ пайдалану саясаты туралы
Бұл тарифте «Әділ пайдалану саясаты» бар. Ол кейбір қолданушының Beeline желісіндегі мобильді интернет жылдамдығын нашарлатпауы үшін керек.
Трафикті шамадан тыс тұтыну қосымша жүк түсіріп, басқа абоненттерде мобильді интернеттің жылдамдығын азайтады. Ондай жағдайда жылдамдықты азайту желінің жүктемесін тең бөліп, басқа қолданушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді
«Әділ пайдалану саясаты» бойынша, 60 ГБ әл.желілер мен мессенджерлер трафигін пайдаланған соң, жылдамдық 1.5 Мбит/с дейін азаяды.
*355# пәрменін теріп, тарифті қайта қосу арқылы жылдамдықты қалпына келтіре аласыз. Абоненттік төлем қайта алынып, қызметтер топтамасы жойылады да, қайта толтырылады.
Қосымша ақпарат
Абоненттік төлем айына бір ұсталады. Мысалы, абоненттік төлем 2020 жылы 25 мамырда ұсталса, келесі төлем мерзімі - 25 маусым 2020 жыл.
Иинтернет-топтаманың, минуттар мен SMS-тердің қолданылмаған қалдығы жойылады, келесі кезеңге көшірілмейді, басқа тарифтік жоспарға ауысқанда да солай.
Абоненттік төлем 00:00 - 03:00 аралығында ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім абоненттік төлемге жететін сомаға толтырылған соң, төлем толық ұсталып, 1 айға жарамды интернет-топтама мен минуттар топтамасы беріледі.
Егер интернет-топтамада 15 МБ-тан аз қалса, теңгерім әр ашық сессия үшін резервтеледі де, интернет сессиялардың ақысы нөміріңіздің негізгі теңгерімінен ұсталады.
Абоненттік төлем дұрыс ұсталуы үшін және әдепкі құн бойынша тарифтелудің алдын алу үшін, абоненттік төлем ұсталар алдында, мобильді деректерді өшіріп қоюға кеңес береміз.
Тариф жоспарының шарттары Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызметтер роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тариф бойынша жүреді.
Тариф жоспарында "Байланыста бол!" қызметі қосылған - Сіз, жауап бере алмай қалған қоңырауларыңыз бен келген дауыстық хабарламалар туралы тегін SMS-хабарлама аласыз, оларды дауыстық поштаның 6600 нөмірі арқылы тыңдай аласыз (қоңырау құны – 25 тг/мин). Өшіру үшін *110*016# пәрменін теріңіз.
Назар аударыңыз! Вконтакте сервисі мен басқа да әлеуметтік желілерде трафиктің 2 түрі бар: меншікті ішкі, ол – шексіз, және аздаған сыртқы – техникалық трафик, баннердегі жарнама, кіру санағыштары, сондай-ақ әлеуметтік желілердің парақтарында басқа сайттардан орналастырылатын (YouTube, Rutube, Vimeo және басқалары) видеолар. Ондай трафик тариф жоспарының негізгі топтамасынан жұмсалады. Шексіздіктерді қосымшаларға кіріктірілген барлық мессенджерге де алуға болады (мысалы, Facebook және Facebook мессенджері).
Қызметтерге шексіз қол жеткізу мобильді қосымшалар арқылы да, веб-нұсқалар (браузерлер) арқылы да ұсынылады.
WhatsApp, Telegram және барлық мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі шексіз трафик хабарлама алмасуға, кез келген файлды, фотоны, аудио- және видеожазбаны жіберуге, сондай-ақ онлайн видео-таратылымға, аудио- және видеоқоңырауға беріледі.
Егер тариф жоспарының интернет-топтамасы мен теңгерімдегі қаражат бітіп қалса, қызметке қосылу бұғатталады.
SIM-картаны модемде немесе роутерде қолдансаңыз, интернетке қосылу мүмкіндігі бұғатталады.
Сондай-ақ, телефонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосылып тұрса және смартфон модем режимінде пайдаланылса (интернет-трафик таратушыда да, оған қосылғанда да) әлеуметтік желіге шексіз қосылу мүмкіндігі берілмейді, трафик негізгі топтамадан жұмсалады.
Тариф жоспарының мерзімі - 18.04.2024ж. дейін. Көрсетілген мерзім біткен соң, тариф жоспары не бұрынғы шарттармен ұзартылады немесе ҚР заңнамасында бекітілген тәртіппен абоненттерге хабарлау арқылы өзгереді. Егер тарифтік жоспар ұзартылмаса, оның әрекеті аяқталады. Бұл жағдайда, егер пайдаланушылар басқа ашық тарифке ауыспаса, олар «Жеңіл» тарифтік жоспарына қосылады.