

Енді теңгерімдегі қаражатың жетпейтін болса да, өзің қажеттің бәрін сатып ала аласың!
Ойындар мен қосымшалар дүкенінде қызық контент көп – өзіңізді шектемеңіз! «Play&Pay» сенім төлемі қызметін пайдаланыңыз, сатып алуыңызға қажет соманы теңгеріміңізге береміз.
Қазір сатып алыңыз —3 күннен соң төлеңіз!
Google Play Market-те сатып алғанда, «Beeline» төлеу әдісін таңдаңыз.
Егер қаражат жетпейтін болса:
1) Сізге Beeline-нан қызметті қолдану ұсынысы бар SMS келеді;
2) SMS-ке жауап беру арқылы, ұсынысты қабылдаңыз (келген хабарламадағы нұсқауды мұқият оқыңыз);
3) тиісті соманың шотқа түскенін күтіңіз;
4) Play Market-ке қайта кіріп, қайта сатып алыңыз.
Play Market-тегі «Play&Pay» сенім төлемі комиссиясының көлемі — берілген соманың 10%-ы.
Қарыз қаражатты қайтарғанда, теңгерімді дұрыс толтыруды ұмытпаңыз!
Шектеу:
- Қызмет алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінде нөмірді 3 айдан артық тұрақты қолданған жеке тұлғалар ғана қолдана алады.
- Берілетін ең көп сома — 1000 теңге.
- Қызметті 3 күнде бір рет қана қолдануға болады.
- Әр ұсыныс 24 сағатқа жарайды.
- Берілген қаражатты тек Play Market-те сатып алу үшін пайдалануға болады.
Берілген қаражат Қызмет көрсетілген күннен үш күн өткен соң, комиссиямен бірге қайтарылады.
Төлем күні қарсаңында, қарыз бен комиссия сомасы көрсетілген, сондай-ақ теңгерімді жылдам толтыру сілтемесі бар SMS-жадынама келеді.
Саудаңыз берекелі болсын!