Басты бет / my-bee-win-phone

«Менің Beeline-ым» Stories-нде жарияланатын тапсырмаларды орындаңыз. Мұны уақытында жасау маңызды!

29.11.2021 бастап 05.12.2021 дейін (қоса алғанда)

«Менің Beeline-ым» қосымшасында сәйкестендіруден өтіңіз (өз биометриялық деректеріңізді көрсетіңіз).

06.12.2021 бастап 12.12.2021 дейін (қоса алғанда)

#Диванда ойынын ойнаңыз. Ол да қосымшада :)

13.12.2021 бастап 19.12.2021 дейін (қоса алғанда)

Қосымшаның онлайн чатында кез келген сұрақ қойыңыз.

20.12.2021 бастап 26.12.2021 дейін (қоса алғанда)

Бағдарламадан есеп шотты — теңгерімнен қанша минут, гиг немесе қаражат жұмсағаныңызды қараңыз.

Қандай керемет сыйлықтар ойнатылады:

  • Науқанның барлық кезеңіндегі кез келген 1 тапсырма — 3 Xiaomi Mi аккумуляторы, 10000 mAh;
  • Науқанның барлық кезеңіндегі кез келген 2 тапсырма — Xiaomi Amazfit BIP S Lite смарт сағатының 3 жиынтығы;
  • Науқанның барлық кезеңінде кез келген 3 тапсырма —Samsung galaxy buds 2 құлаққаптарының 3 жиынтығы;
  • Науқанның барлық кезеңінде 4 тапсырма— Samsung galaxy A52 128GB 3 смартфоны.

Жеңімпаздар қалай анықталады?

  • Ұтыс ойыны науқанның барлық шарттарын орындаған адамдар арасында өткізіледі. 30 желтоқсан күні Beeline Қазақстанның Instagram-парақшасында рандомайзердің көмегімен жеңімпаздарды тікелей эфирде таңдаймыз. Ұтыс ойынының уақыты алдын ала стористе айтылады.
  • Барлық финалистерге ұтыс ойынына қатысу туралы SMS келеді.
  • Тек бір ғана сыйлық ұтып алуға болады.

Арманыңыздағы жүлделерге қолжеткізіңіз! Сәттілік тілейміз! 🙂

Жеңімпаздар

Сыйлықтар Аты-жөні Қала
Внешний аккумулятор Xiaomi Mi Озбек Есбосын Сарқанд
Рустам Джафаров  
Гульсия Алматы
Смарт часы Xiaomi Amazfit Bip S Lite Асан Бейбарыс Жетісай
Осипенко Татьяна Қостанай
Александр Амелин Петропавловск
Samsung galaxy buds pro Татьяна Леокумович Қостанай
Серик Нургалиев Өскемен
Адасбек Мухамеджан Шымкент
Samsung galaxy A52 128GB Тимур Абдрахманов Тобол
Муравьев Виктор Владимирович Павлодар
Гулина Анастасия ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы

«”Жаңа жыл” операциясы» деген не?

«”Жаңа жыл” операциясы» — бұл Xiaomi аккумуляторын, Xiaomi смарт сағатын, Samsung galaxy құлаққаптарын немесе Samsung galaxy A52 128GB смартфонын ұтып алуға болатын «Менің Beeline-ым» қосымшасындағы жаңа жылдық науқан!

Тек қатысушы ретінде тіркеліп, қарапайым тапсырмаларды уақытында орындау жеткілікті (олар қосымша сторисінде пайда болады). «”Жаңа жыл” операциясы» 2021 жылдың 29 қарашасынан 26 желтоқсанына дейін өтеді, ал 30 желтоқсанда шарттарды орындағандар арасында ұтыс ойыны өтеді. Толық ақпаратты beeline.kz сайтындағы «Науқандар» бөлімінен оқыңыз және міндетті түрде қатысыңыз!

Науқанға Beeline нөмірі бар кез келген адам қатыса алады ма?

Өкінішке орай, жоқ. «”Жаңа жыл” операциясы» науқанына Beeline Қазақстан қызметкерлері, сондай-ақ біздің корпоративтік клиенттеріміз қатыса алмайды.

Beeline-ның дұрыс тіркелген нөмірі бар, оларды белсенді пайдаланатын, соның ішінде «Менің Beeline-ым» қосымшасындағы науқан тапсырмаларын орындайтын жеке тұлғалар ғана қатыса алады. J

Қандай тапсырмаларды орындау керек?

Оның еш қиындығы жоқ! «”Жаңа жыл” операциясы» науқаны «Менің Beeline-ым» қосымшасында өтетіндіктен, сізге тек қосымшада белгілі бір әрекеттерді орындау қажет. Мысалы, тегін ойын ойнау, есепшотты немесе теңгерімді тексеру. Көріп отырғаныңыздай, бұл — сіз жиі жасайтын әрекеттер. Тек қазір бұл үшін сыйлық ұтып алуға болады:)

Тапсырмалар қосымшаның сторисінде пайда болады. Егер сіз оны жиі қарап отырсаңыз, онда ештеңені жіберіп алмайсыз! Сондай-ақ, толық ақпаратты beeline.kz сайтындағы «Науқандар» бөлімінен біле аласыздар.

Мен науқанның барлық тапсырмаларын орындадым, әрі қарай не істеуім керек?

Өте жақсы! «”Жаңа жыл” операциясы» ұтыс ойынын күту қалды. Ол 30 желтоқсан Instagram-дағы @beeline_kz ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді. Жеңімпаздар кездейсоқ анықталады, сондықтан әркім жеңе алады.

Сәттілік тілейміз! :)

Мен науқанның финалисі болғанымды қайдан білемін?

Біз сізге міндетті түрде хабарлаймыз. Бәрі қалай болатынын қараңыз: 1) біз орындалған тапсырмалардың санын қорытындылаймыз; 2) содан кейін бірден төртке дейінгі тапсырманы орындаған барлық қатысушылар SMS-растама алады.

Ол уақытқа дейін сіз «”Жаңа жыл” операциялары» ұтыс ойынының ережелерін тағы бір рет мұқият оқып, қатысушының сауалнамасын толтырып, көрсетілген мерзімде бірден төртке дейінгі тапсырманы дұрыс орындағаныңызға көз жеткізе аласыз.

Егер мен барлық 4 тапсырманы 20-26 желтоқсан аралығында орындасам не болады?

Әрбір тапсырма белгіленген мерзімде орындалуы керек. Бұл — «”Жаңа жыл” операциясының» ережелері. 2021 жылғы 20-26 желтоқсан аралығында бір ғана тапсырма берілді — тек сол есептеледі. Тапсырмалар қарапайым, сондықтан оларды уақытында орындау қиындық тудырмайды. J

Қатысушының сауалнамасын қашан толтыру керек?

«”Жаңа жыл” операциясы» науқанына қатысушының сауалнамасын науқанның әрекет ету кезеңінде — тапсырмаларды орындағанға дейін немесе кейін, бірақ 2021 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей толтыру қажет.

Егер мен тек 1-2 тапсырманы орындап үлгерсем, мен қандай жүлде ұтысына қатыса аламын?

Барлығы қарапайым: «”Жаңа жыл” операциясы» науқанының жүлдесі сіз орындаған тапсырмалардың санын анықтайды. Егер сіз тек бір тапсырманы орындасаңыз, онда сіз тек 10000mah Xiaomi Mi аккумуляторына қатысасыз; егер екеуі болса Xiaomi Mi Watch Lite смарт сағатын жеңіп алу мүмкіндігі бар; үш тапсырма үшін сіз Samsung galaxy buds 2 ұтып ала аласыз; ал барлық төртеуі үшін — Samsung galaxy A52 128GB смартфоны!

Тапсырмалар неғұрлым көп орындалса, жүлде соғұрлым қызықты болады J

Мен барлық тапсырмаларды орындадым, не үшін қатысушы сауалнамасын толтыруым керек?

Қатысушы сауалнамасысыз ешқайда. «”Жаңа жыл” операциясына» қатысушылардың тізімі тапсырмалардың орындалуын тексеру үшін қажет.

Егер сіз тапсырмаларды орындасаңыз, бірақ қатысушының сауалнамасын толтырмасаңыз, өкінішке орай жүлдеге үміткер бола алмайсыз. Сауалнама бірнеше минут ішінде толтырылады. Бұл сізге қиындық тудырмауы керек.

Егер мен сәйкестендіруді науқан басталмай тұрып жасасам не болады?

Жақсы сұрақ, рақмет! «Менің Beeline-ым» қосымшасындағы пайдаланушыны тексеру «”Жаңа жыл” операциясы» науқаны міндеттерінің бірі болып табылады. Егер сіз сәйкестендіруді науқанның басталуына дейін өткен болсаңыз, онда сіз финалистер қатарына қосыласыз: тексеру сізге бір орындалған тапсырма ретінде есептеледі.